Ғалымдар сабыр сақтаудың жолын тапты
Ғалымдар сабыр сақтаудың жолын тапты
4 жыл бұрын 3923 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары тышқанның бойынан серотонинді жасанды жолмен бөлу арқылы оны төзімділігін арттыра алды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Daily Mail мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Серотонин мінез-құлықтың ең танымал нейромодуляторларының бірінен саналады: ол көңіл күйді, өң мен ұйқы циклін, сондай-ақ, тәбетті реттейді. Осынау зерттеуге атсалысқан Кацухико Миядзаки есімді дәрігер аталған ақпарат көзіне берген сұхбатында серотониннің мидың түрлі бөліктеріне қалай әсер етенінін айта келіп, серотонинді қалпына келтірудің селективті тежегіштерін жасауда жетістікке қол жеткізу мүмкін бе, деген сауалдың жауабын табуға көмектесуі мүмкін екенін тілге тиек етті. Бұл қосынды антидепрессанттарда кеңінен қолданылады.

0 пікір
Мұрағат