Ғалымдар пластикті сабынға айналдырды
Ғалымдар пластикті сабынға айналдырды
1 жыл бұрын 1349 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық инженерлер қоршаған ортаның жауына айналған пластикті қайта өңдеудің, дәлірегі, қажетсіз болып қалған пластикті қайта кәдеге жаратудың өзгеше, тың тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы science.org сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жаңалыық авторы -  Virginia Tech университетінің химия кафедрасының доценті Гуолиан Лү. Пластиктің химиялық құрамы сабынның компоненті болып табылатын май қышқылына ұқсас. Ғалымға бұл ой отқа қарап отырғанда келген. Отын негізінен целлюлозадан тұрады. Жану кезінде целлюлоза газ тәрізді молекулаларға ыдырайды, содан кейін молекулалар толығымен көмірқышқыл газына тотығады. Егер полиэтилен молекулалары бірдей ыдыраса, алайда, олар толығымен ұсақ газ тәрізді молекулаларға дейін ыдырай бастағанға дейін процесс тоқтатылса, полиэтиленге ұқсас, май қышқылдарының қасиеттері бар молекулалар алуға болады. Гуолиан Лүнің жетекшілігімен ғалымдар полимерлік тізбектердің толық жойылуына жол бермеу үшін пластикті күйдіретін және оны бірден салқындатып жіберетін пеш жасады. Нәтижесінде сабынға оңай өңделетін қоңыр түсті балауыз пайда болды. Пластмассаны сабынға айналдыру әдісі немесе тетігі полиэтилен және полипропиленге негізделген. Бұлар пластиктің ең көп таралған екі түрі. Олар бірге барлық қалдықтардың 50% -дан астамын құрайды - жылына 200 миллион тонна. Ғалымдар қазіргі уақытта пластмассадан тазалық өнімдерге айналдырып өңдеуді өнеркәсіптік ауқымға дейін арттыру үшін жұмыс ңстеуде.

мыло из платика

Science

0 пікір
Мұрағат