Ғалымдар өсімдіктер арқылы көмірқышқыл газын тыңайтқышқа айналдыру жолын тапты
Ғалымдар өсімдіктер арқылы көмірқышқыл газын тыңайтқышқа айналдыру жолын тапты
7 ай бұрын 977 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралия ұлттық университеті мен Ньюкасл жоғарғы оқу орнының ғалымдар тобы өсімдіктердің көмірқышқыл газын (СО2) көбірек сіңіріп, оны тыңайтқышқа айналдырудың жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances (SciAdv) ғылыми, мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар көк-жасыл балдырларда табылған арбоксисомалық карбоангидраза (CsoSCA) деп аталатын ферменттің бұрын белгісіз функциясын ашты. Бұл фермент организмдердің атмосферадан СО2 тарту қабілетін арттырады. Жаһандық фотосинтез арқылы көк-жасыл балдырлар немесе цианобактериялар жыл сайын барлық көмірқышқыл газының шамамен 12%-н сіңіре алады. «Өсімдіктерден айырмашылығы - цианобактерияларда көмірқышқыл газын концентрациялау механизмі деп аталатын жүйе бар, бұл оларға атмосферадан көміртекті бөліп алып, оны кәдімгі дақылдарға қарағанда тезірек қантқа айналдыруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді аталмыш зерттеу жетекшісі, профессор Саша Пулсфорд. Көмірқышқыл газын концентрациялау механизмі (шоғырландыру тетігі) карбоксисомалар деп аталатын ірі ақуызды қосылыстарға негізделген. Бұл құрылымдар құрамында CsoSCA және Rubisco деп аталатын басқа фермент бар көмірқышқыл газын ұстауға жауапты. CsoSCA карбоксисома ішінде көмірқышқыл газының жоғары жергілікті концентрациясын құру үшін жұмыс істейді, Рубиско кейін оны сіңіріп, жасушаны қоректендіру үшін қантқа айналдыра алады. Ғалымдардың пікірінше, CsoSCA ферментін кез келген дақылдарға енгізуге болады - азот тыңайтқышы мен суару жүйесіне сұранысты азайтып, өнімділіктің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етеді.

0 пікір
Мұрағат