Ғалымдар намаз бен медитацияның миға әсерін салыстыра келе таңғажайып тұжырымға келді
Ғалымдар намаз бен медитацияның миға әсерін салыстыра келе таңғажайып тұжырымға келді
3 жыл бұрын 5591 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы Томас Джеферсон атындағы университет емханасының дәрігері Эндрю Ньюберг намаз бен медитацияның миға әсерін зерделей келе өзгеше тұжырымға келді. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Маман бұл тарапта адам миының намаз кезінде және намаздан кейін қандай күйде болатынын зерделеген екен. Арнайы құрылғы арқылы ол имамның, тибет монахының және атеистің миын сканерлеуден өткізеді. Осы орайда адам анатомиясынан аз-кем мағлұмат бере кеткенді жөн көріп отырмыз (оқырманға кеңінен түсінікті болуы үшін): Адам миы алты бөліктен тұрады, оның үштен көбісі маңдай тұста орналасқан. Маңдай тұстағы бөліктер дүниені тану, ойлау, тілдесу секілді тұлғалық қасиетін қалыптастыратын маңызды фаункция атқарады. Маңдай тұстағы ми бөліктері адамның жасына қарай болатын өзгерістерден көп зардап шегеді. Эндрю Ньюберг жүргізген зерттеу нәтижесі құлшылық кезінде маңдай тұстағы ми бөліктерінің белсенділігі артатынын көрсетіп берді. Дәрігер намаз кезінде адамның ми қызметінің белсенділігі оның өзге адаммен тілдескен кездегідей белсенділікке ие болатынын алға тартып отыр. Ал медитацияға келсек, мұндай нәтиже көрсетпеген. Атеистің миын медитацияға дейінгі, медитация кезіндегі және медитациядан кейінгі күйін зерделеу үшін сканерлеуден өткізген екен – бір қалыпты күйден танбаған. Осылайша ол медтиацияның адам организіміне қандай да бір елеулі әсерін болмайтынына көз жеткізген. Керісінше намаз алжу (деменция), Альцгеймер, т.б. секілді аурулардың алдын алуға көмектесетінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат