Ғалымдар күндегі температурадан 6 есе ыстық реактор құрастырды
Ғалымдар күндегі температурадан 6 есе ыстық реактор құрастырды
6 жыл бұрын 3220 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары Хэфэй қаласында орналасқан, тәжірибеге арналған EAST (Experimental Advanced Superconducting Tokamak) токамагының температурасы Цельсия бойынша 100 млн градустан асып түсетінін жаһанға жария етті. Осылайша қытай ғалымдары қолдан басқарылатын термоядролық синтез технологиясында жаңа рекорд орнатты. Осы заманғы термоядролық реактор Күнде болып жататын процестерді тудыруға арналған. Бұл технология сутектіні өз кезегінде аса үнемді "жасыл" энергияға айналдыруға мүмкіндік береді. Хэйфэй физика ғылымы институтының ғалымдары мәлімдегендей, токамактағы температура Цельсия бойынша 100 млн градусқа жеткен. Яғни, күндегі Цельсия бойынша 15 млн градусқа қана жететін температурадан алты есе жоғары. Сарапшылардың айтуынша, ядролық синтез Цельсия бойынша 100 млн градус ыстықта алынады. Яғни, дейтерия мен тритияның қуатталған бөлшектері бір-бірін кері итеріп, орасан зор энергия бөледі. Сөз орайы келгенде мұндай ғылыми жобалардың не үшін керек екенін түсіндіре кетейік: адамзат жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне байланысты дәстүрлі энергия көздерін бас тартуға мәжбүр. Ол үшін шексіз таза энергияға тәуелді. Бүгінгі таңда EAST токамактағы реакцияны ұстау бойынша әлемдік рекорд орнатып отыр - яғни, энергия бөлу реакциясын 101,2 секундқа ұстай алады. Токамак әлемдегі магниттік шектеудің ең жетілген жүйесі әрі осы заманғы термоядролық реакторды құрастыру негізі болып табылады.

0 пікір
Мұрағат