Ғалымдар көптеген органоидтен тұратын «биокомпьютер» құрастырады
Ғалымдар көптеген органоидтен тұратын «биокомпьютер» құрастырады
2 жыл бұрын 1033 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Джон Хопкинс университетінің зерттеушілері шағын органеллалар – көлемі шарикті қаламның көлеміндей шағын милар негізінде «биокомпьютер» құрастыруды жоспарлап отыр. «Органоидты интеллект» ұғымының тұжырымдамасы Frontiers in Science мерзімді басылымында көрсетілген. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Джон Хопкинс Блумберг қоғамдық денсаулық мектебінің қоршаған ортаны қорғау профессоры Томас Хартунг және оның әріптестері мидың негізгі оқу және есте сақтау қабілетін, сондай-ақ, нейрондарды тасымалдауды орындай алатын органеллаларды жасады.  Профессордың айтуынша, аталмыш жаңалық адам миының қалай жұмыс істейтінін тереңірек зерделеуге, яғни, адамгершілікке жат болғандықтан тірі адам миына қолданылмайтын манипуляцияларды орындау арқылы көптеген ми құпиясына үңілуге мүмкіндік береді. Томас Хартунг 2012 жылы эмбрионалды діңгекті жасушаларға ұқсас күйге қайта бағдарламаланған адам терісінің үлгілерінен алынған жасушаларды пайдаланып, ми жасушаларын функционалды органеллаларға айналдыра бастады. Әрбір органелла шамамен 50 000 жасушаны қамтиды. Енді ол осындай ми органеллалары бар футуристік компьютер құрастыруды ұсынып отыр. «Биологиялық құралдан» жасалған компьютер он жылдан кейін энергияны көп тұтынатындықтан тиімсіздеу суперкомпьютерді алмастыруы мүмкін. Компьютерлер сандар мен деректерді есептеуді адамдарға қарағанда тезірек өңдесе де ми күрделі логикалық шешімдерді қабылдауда әлдеқайда алғыр келеді, мысалы, итті мысықтан қашан ажырату секілді функцияда. Компьютер адам миымен шендесе алмайды, Мәселен, 600 млн доллар тұратын, 630 шаршы метр аумақты алып жатқан Кентуккидегі ең замануи Frontier суперкомпьютері өткен жылдың маусым айында алғаш рет есептеуде адам миынан асып түсті, алайда, бұл жетістікке жету үшін әдеттегіден миллион есе көп энергияны тұтынған. 

0 пікір
Мұрағат