Ғалымдар киім сияқты киюге болатын тері өсірді
Ғалымдар киім сияқты киюге болатын тері өсірді
2 жыл бұрын 1979 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әдетте биоинженерлік тері күйіп қалғандарға көмектеседі. Дегенмен, ол тек жалпақ парақтар түрінде шығарылады. Қазір ғалымдар биоинженерлік материалды үш өлшемді түрде өсіру әдісін ойлап тапты. Оны денеге киім сияқты киюге болады. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биоинженерлік терінің жалпақ парақтары дененің салыстырмалы түрде тегіс бөліктеріне егу үшін жарамды, алайда, қолға жарамсыз. Мұндай жағдайда, әдетте, барлық дененің дөңес, ойық жерлеріне орналастыру үшін бірнеше парақты біріктіру қажет - бұл өте қиын процесс. Колумбия университетінің ғалымдары ыңғайлырақ балама ойлап тапты. Алдымен олар трансплантацияны қажет ететін дене бөлігін 3D сканерлеуді қолданды. Содан кейін олар 3D принтерде бөліктің толық өлшемді, қуыс, өткізгіш үлгісін жасады. Содан кейін биологтар оны терінің фибробласт жасушаларын (дәнекер тінін құрайтын), коллагенді (құрылым береді) және кератиноцит жасушаларын (терінің сыртқы қабатын құрайтын) еккен. Моделдің іші қоректік ортамен толтырылған. Жасушалар нақты теріге айналғаннан кейін ол моделден алынып тасталды және дененің зақымдалған бөлігін «кигізілді». Бүкіл процесс шамамен үш аптаға созылған. Зертханада ғалымдар тышқандардың артқы аяқтарында адам тері жасушаларынан жасалған 3D трансплантаттарын сынап көрген екен. Операцияның өзі шамамен 10 минутқа созылды, ал трансплантат төрт аптадан кейін жануардың айналасындағы терісіне толығымен кіріккен. Бір-біріне тігілген бірнеше парақтан жасалғанға қарағанда, тұтас екпелер механикалық тұрғыдан берік келетіні белгілі болды.

0 пікір
Мұрағат