|
Ғалымдар: Жұмысқа деген құштарлық денсаулықты нығайтады
|
Ғалымдардың соңғы зерттеуі бойынша, өз жұмысына эмоционалдық құштарлығы басым қызметкерлердің психологиялық тұрғыдан денсаулығы мықты болады, деп хабарлайды The Express Tribune.
Мамандар егде жастағы қарияларға күтім жасайтын 5000 қызметкерлерді бақылай келе осындай тұжырым жасады. Ғалымдар өз ұйымына жан-тәнімен берілген қызметкердің денсаулығы әлдеқайда мықты екенін байқады. Сондай-ақ мұндай қызметкерлер басқаларға қарағанда сирек ауырады және ұйқысы бұзылмайды. Ғалымдар бұл тұжырымдама қызметкерлердің жұмыстан «күйіп кетуден» қорғап қалуға көмегін тигізеді деген сенімде.
Сондай-ақ, Гарвард университетінің мамандары жақында тәжірибе жүргізіп, мынадай жаңалық ашқан болатын: басшысынан жиі мақтау естіген жұмысшы өз міндетін құштарлана атқарып, қызметінен кетуге құлшыныс танытпайды. Сол себепті мамандар басшыларға қол астындағы қызметкерлерін көбірек мадақтап, кемшіліктерін бетіне баспауға кеңес береді. Бұл үлкен нәтижеге қол жеткізеді, деп жазады 7sunews.kz.
Жұмыс істейтін әрбір төртінші адамды құлтемір алмастыруы мүмкін
Болашақта құлтемірлер мен 3D-принтеры компания қызметкерлерін алмастыратын болады. Азия даму банкінің баяндамасында осындай тұжырым айтылған. Еліміздегі жұмыс орнының 28%-ын, Таиландта, 21%-ын, Индонезия мен Пәкістанда 20%-ын құлтемірлер алмастыруы мүмкін. Ғалымдардың топшылауынша, құлтемірлердің еңбек өнімділігі адамдарға қарағанда екі немесе үш есе артық болатын түрі бар. Аталмыш баяндамада айтылғандай, Азия экономикасын дамытуға арналған міндеттердің негізгісі – осы.
Өз басым кішкене демалып қалсам ауырып қалам, одан да жүгіріп жүре берген жақсы)))