Ғалымдар ер-азаматтарға шәуетін қатырып қоюға кеңес берді
Ғалымдар ер-азаматтарға шәуетін қатырып қоюға кеңес берді
9 жыл бұрын 3568

Шәует сапасының төмендеуі өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуіне себеп болмақ. АҚШ ғалымдары әке атануды кейінге қалдырған жас ер-азаматтарға шәуетін қатырып қоюға кеңес беруде. Бұл жайында Gogetnews.info ақпарат көзі хабар таратты. Стенфорд университеті ғалымдарының сөзіне қарағанда, ерлердің шәуеті уақыт келе сапасын жоғалта бастайды. Соның кесірінен өмірге мүмкіндігі шектеулі бала келеді. Бүған қоса, жасы жеткен немесе егде тартқан ер-азаматтардың бала тудыру қабілеті төмендеп кететін көрінеді. Сондай-ақ, мұндай жағдай әйелдердің басында да кездесетіні айтылған. Яғни, ана атануға асықпаған әйелдің туу қабілеті жылдар өткен сайын төмендей береді. Аталмыш мәселеге байланысты он жыл бойы талмай тәжірибе жүргізген ғалымдар шәуетін ұдайы мәліметтер банкіне тапсырып отырған 500 ер-азаматтың ұрығының уақыт өте келе сапасын жоғалта бастағанына көз жеткізген. Бұған қоса, жасы егде тартқан сайын ерлердің шәуетін қатыру мүмкіндігі азая беретін көрінеді.

0 пікір
Мұрағат