Ғалымдар жасушадан ядросын бөліп алып, жасушаның өзін дәріні дәл керекті жерге жеткізуде пайдаланды
Ғалымдар жасушадан ядросын бөліп алып, жасушаның өзін дәріні дәл керекті жерге жеткізуде пайдаланды
3 жыл бұрын 2027 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар жасушадан ядросын бөліп алып, жасушаның өзін нақты зақымдалған тінге дәріні жеткізуде пайдаланды. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedaily.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасушадан ядроны ажырату процесі энуклеация деп аталады. Аталмыш процестен кейін ғалымдар дәріні дәл зақымдалған тінге жеткізу үшін генетикалық тұрғыдан түрлендірілген жасушаны пайдаланған. Егер дәріні діттеген жерге жеткізсе, емдік тиімділігі артады әрі организмге жанама кері әсері азаяды. Сан-Диегодағы Калифорния университетіне қарасты медицина мектебінің патология прфессоры, фиолософия докторы Ричард Клемке бастаған ғалымдар тобы организмдегі зақымдалған жерді дәл таба алуы үшін мезенхималық стромальды жасушаларды (қосушы тіндер жасушасы) генетикалық тұрғыдан түрлендірген болатын. Содан соң оның ядросын бөліп алды, алайда, энегрия мен ақуыздар өндіретін органелласын сақтап қалған еді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе кезінде панкреатит (сөл бөлетін ағзаның, дәлірегі, ұйқы безінің қабынуы) дертіне шалдыққан тышқанды пайдаланған екен. Ғалымдар қабынуға қарсы цитокині бар энуклеирленген жасушаларды, каргоциттерді (организмдегі дертке қарсы иммундық жауап қатуды ынталандыратын әрі қабынуды басатын сигналды ақуыз) құрастырды. Содан соң кеміргішке бірнеше күн қатарынан беріп көреді. Каргоциттер өзінің жасушалық функциясының көп бөлігін сақтап қалады, алайда, оны дәріні тікелей зақымдалған жерге тиімді әрі қауіпсіз жолмен жеткізуде пайдалануға болады.  Ғалымдардың мәлімдеуінше, энуклерленген, түрлендірілген  мезенхималық стромальды жасушалар дәріні жеткізу құралы ретінде бұзылмаған (яғни, модификацияланбаған) жасушаларды пайдалану тәсілдеріне қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:

  • Біріншіден, өсіп-өне алатын әрі саралана алатын (дифференцирлене алатын) діңгекті жасушаларды клиникалық пайдалануға құзырлы орындардан роұқсат алу қиын. Қауіпсіздігіне айрықша назар аударатындықтан мұндай емдік тәсілдерге рұқсат беруі қиын;
  • Екіншіден, емдік мақсатта донордан алынған бастапқы жасушалардың биоинженерлік әрі терапевтік мүмкіндіктері шектеулі;
  • Үшіншіден, каргоциттер жан-жақты зерттелген, олардың организмге тигізер теріс әсері жоғы анықталған. Олар жаңа гендерді транскрипцияламайды, бұл олардың жағымсыз факторларды тудыру мүмкіндігін жояды. 
0 пікір
Мұрағат