Ғалымдар аллергиядан біржола құтылудың әдісін тапты
|
Австралия ғалымдары аллергияны гендік терапиямен емдеуді ұсынды.
Бұл туралы JCI Insight журналында жарияланды.
Демікпе мен аллергияның байланысы – адамның иммунды торлары реакция беріп, ақуызға антигендер ретінде әсер етуінде. Бұл торлардың сақталуы ұзақ болғандықтан, олардан құтылу оңайға соқпайды. Біз бұл мәселені гендік терапиямен шешуге тырыстық. Т-торлар жоғарыда аталған ақуыздарды біржола жояды», – деп жазады Австралияның Квинсленд университетінің зерттеушісі Рэй Степто.
Көптеген биологтар адамның тазалыққа үйреніп қалғандығынан аллергиясы пайда болады деп ойлайды. Бала кезінде адамның иммунды жүйесі толық ақпарат алмағандықтан нағыз микропты шаңнан, өзге де зиянды заттардан ажырата алмайды. Нейрофизиологтардың айтуынша, анологиялық әдіспен Альцгеймер және мидың басқа да аутоиммунды дерті пайда болады.
Стептоның айтуынша, иммунды торлардың «сақталуын» жойып, оның жаңа туған сәтіндегі қалыбына айналдыруға болады.
Ғалымдар бұл тәжірибені тышқандарға жасап көрді. Олар қан түзуші тордың ДНК-сына ақуызды қоздыратын және жөтелге әкелетін тағы бір ген қосты. Оны тексеру үшін мамандар ретровирус ойлап тауып, оны ДНК торының геніне енгізді.
Нәтижесінде, жілік майыны торлары иммунды торларға әсер етіп, «сақталу қабілетін», ақуыздар молекуласын жойды. Тышқандар ағзасынан осыдан соң демікпе белгілері байқалған жоқ.
Мамандардың айтуынша, генді терапияны арахис майынан, балдан, өзгеде заттардан жасауға болады. Ғалымдар бұл тәжірибені адамдарға жасап көру үшін әлі де 5-6 жыл зерттеу жүргізу керек екенін айтады. Егер демеушілер табылып жатса, одан да аз уақытта жасауға болады.
Мәліметтерге сүйенсек, әлемде адамдардың үштен бірі аллергияның әр түрімен зардап шегеді. Олардың үштен екісі маусымдық аллергиямен ауырады. Олар шаңнан, табиғаттан болады. Қалғандары демікпе мен қауіпті дерттен келеді.