Ғалымдар адамның қай уақыттан бастап жалғыздықты сезіне бастайтынын анықтады
|
Жалғыздық жас ұлғая келе сезілетін психогенді фактор. Психогенді фактор болатын себебі, ол адамның ең әуелі психикасына кері әсерін тигізеді. Бұл жайында islam.kz порталы зерттеу материалы жарияланған Journal of Research in Personality мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аризона университетінің ғалымдары уақытының төрттен бірін өзімен-өзі өткізгенде ғана адамдардың жалғыздықты сезінетінін алға тартып отыр. Жас ұлғайған сайын адамдардың араласатын ортасы тарыла береді. Дәлірегі, өзгелермен уақыт өткізу қабілеті төмендей бермек. Аталмыш зерттеу авторларының айтуынша, 68 жастан жоғары қарттар арасындағы жылғыздық әлеуметтік тұрғыдан оқшаулануына байланысты: қарттардың қатары сирейді, яғни, араласатын адамдары азаяды және жас ұлғая келе жүріп-тұруы қиындайтын болғандықтан үйден көп ұзап шыға алмайды. Әлеуметтік байланыс адам десаулығына пайдалы болғанымен жалғыздық пен әлеуметтен оқшауланудың екі басқа ұғым екені белгілі. Зерттеуге атсалысқан Аризона университетінің психология профессоры Маттиас Мехлдің күнделікті өмірдегі әлеуметтік белсенділікті тіркеуге арналған құрылғысы - электронды рекордер ((Electronically Activated Recorder, EAR) бұл тараптағы тәжірибеге қатысушылардың рұқсатымен әр 12 минут сайын 30 секунд бойы олардың дыбыстарын таспаға тартып алған еді. Осылайша оңаша өткізген уақытында адамның жай-күйі талдаудан өткізілді. Орташа есеппен алғанда, бұл бағыттағы тәжірибеге қатысушылар уақытының 66%-ын әлеуметтен оқшау өткізген. Бұл аралақта тәжірибеге қатысушылардың 75%-дан астамының жалғыздықтан құлазығаны анықталды. Маттиас Мехлдің айтуынша, жастар үшін жалғыздық пен оқшаулану - екі басқа ұғым, олар дос-жарандарының арасында жүрсе де жалғызсырауы мүмкін. Ал егде жастағылар үшін оқшаулану жалғыздыққа бастайтын ұғым. Егде жастағы адамдарда өзін-өзі оқшаулау мен жалғыздық сезімдерінің ұқсастығы шамамен 25%-ды құрады.