Ғалымдар адамдардың ұйқы кезінде көретін түсін басқаруды үйреніп келеді
Ғалымдар адамдардың ұйқы кезінде көретін түсін басқаруды үйреніп келеді
5 жыл бұрын 2785 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адам өмірінің үштен бірін ұйқымен өткізеді. Текке кеткен ғұмыр емес, адамға берілген ең үлкен нығметтердің бірі. Ұйқы кезінде адам организімі тынығу арқылы жаңғырады. Алайда, ұйқының ең құпиялы тұсына жататын түстің жұмбағы әлі күнге шешілген емес. Тіпті, адам көрген түсіне қарай құстай ұшады немесе керісінше жағдайда болады десек, артық айтпаспыз. Массачусет университетінің (АҚШ) ғалымдары былайғы жұрттың ұйқының қаншалықты зор әлеуетке ие екенін біле бермейтінін алға тартып отыр. Аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары өң мен түстің арасындағы жағдайға – гипнагогияға назар аударған екен. Бұл кезде адам миы сыртқы әсерге аса сезімтал келеді. Бұл арада сөз дыбыс пен иіс турасында болып отыр. Ғалымдардың топшылауынша, гипнагогия кезін пайдалана отырып, адамның нақты өміріне әсер етуге болады. Ғылыми орталықта ұйқымен байланысты проблемаларды зерделеуге арналған зертхана ашылды. Аталмыш зертхананың ең көрнекті құралдарының біріне сенсорлармен қапталған қолғап секілді Dormio құрылғысын жатқызуға болады. Ол ұйқы кезінде адамның бұлшық етінің босаңсуы мен терісінің электр өткізу, т.б. бақылауға мүмкіндік береді. Ғалымдар бұл құрылғымен бірнеше тәжірибе жүргізіп көрген болатын: адам қалғыған кезде ұйқыға кетпей тұрып, оған бірнеше сөзді айтып үлгереді. Нәтижесінде ұйқыға кеткен адам «айтылған сөздің желісімен» түс көрген. Ал иіс айтылған сөздің әсерін күшейткен. Бұл өз кезегінде адамның жақсы тынығуына, позитивті энергия алуына септігін тигізген екен.

0 пікір
Мұрағат