Американың Мичиган штатындағы университет ғалымдары эволюция теориясына қатысты болжамдардың бірін жоққа шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Nature журналына сілтеме жасап ria.ru жазады.
Ғалымдар адам эволюциясына қатысты болжамды жоққа шығарды
|
Мақалада жазылғандай, бұрын ғалымдар өзі өмір сүріп жатқан ортаға әбден бейімделіп болғанда, тіршілік иесі эволюциялық өзгеріске ұшырауын тоқтатады деп тұжырымдаған болатын.
Алайда, Мичиган штаты Университетінің ғалымы Ричард Ленски жетекшілік еткен топ бұл болжамды жоққа шығарып отыр.
1988 жылы басталған сынақтың объектісі ретінде жылдам көбейетін ішек таяқшалары алынған көрінеді. Сынақ шеңберінде Bc251 таяқшалары жасанды түрде көбейтілген. Сол уақыттан бері олардың 60 мыңнан астам буыны алмасып үлгерген. Осы мерзімде ішек таяқшаларының мутацияға ұшырауы баяулағанымен, мүлде тоқтап қалмаған көрінеді. Қоршаған ортаға сай олардың жасушалары үлкейіп, бұрынғыдан да жылдам көбейіп, сонымен бірге азықтық заттарды жылдамырақ сіңіре бастаған.
Ғалымдар ішек таяқшалары ғана емес, барлық ағза, соның ішінде адам ағзасы да осы механизммен жұмыс істейтінін айтады.