Фотонды чип пайда болды. Оның мүмкіндіктері қандай?
|
Австралиялық ғалымдар деректердің мол мөлшерін байланыстыратын және олардың берілуін тездететін фотонды чипті жұртшылық назарына ұсынды. Бұл ауруды диагностикалаудан бастап автономды көліктердің қауіпсіздігіне дейін ондаған салаға әсер ететін құрылғы болайын деп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Монаш жоғары оқу орындары мен Королдік Мелбурн технологиялық университетінің (Австралия) ғалымдары деректерді берудің «супермагистральдарын» байланыстыратын алғашқы фотоникалық интеграцияланған жүйені ұсынды. Ғалымдардың айтуынша, осылайша олар ескірген құрылғыларды заманауи баламаларымен алмастыра отырып, оптикалық чиптердің мүмкіндіктерін жақсарта алады. Аталмыш құрылғы жасанды зерденің дамуын жылдамдатады және автономды көліктерді қауіпсіз етеді. Сонымен қатар, жасанды зерде жұмысын жеделдету арқылы ауруларды диагностикалау оңайырақ болады, ал ықшам қосқыштар деректерді жылдамырақ тасымалдай алады. Ғалымдар мұны фотоникалық чиптердің көлемді құрылғылардың есептеу мүмкіндіктерін жоғалтпай алмастыра алатындығымен түсіндірді. Аталған жоба жетекшісі, Монаш университеттерінің ARC сыйлығының иегері, профессор Артур Лоури бұл жаңалықтың өз кезегінде Монаш жоғарғы оқу орнының докторы Билл Коркоранның бұрынғы жаңалығын толықтыратынын атап өтті. Бұл арада бір оптикалық талшығының өзі күллі Ұлттық желі өткізе алатын трафиктен үш есе көп деректі өткізе алатын, 2020 жылы жасалған жаңа оптикалық микросотты чип турасыда сөз болып отыр. Міне, осы чиптің толықтырылған нұсқасы – тырақ көлеміндей чип әлемдегі ең жылдам интернет ретінде алға шығады. «Бұл зерттеу үлкен жетістік – қазір фотоникалық технологияның дамығаны сонша, тіпті, күрделі жүйелерді бір чипке орналастыруға болады. Құрылғыда оның барлық құрамдас бөліктерінің біртұтас бірлік ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін чиптегі анықтамалық жүйе болуы мүмкін деген идея Интернеттегі кедергілер мәселесін шешетін және деректерді ең қажет жерге жеткізетін технологиялық жетістік», - дедң Монаша университетінің профессоры Арнан Митчелл. Фотондық схемалар ақпараттың оптикалық арналарын бағыттауға қабілетті; олар, сонымен қатар, үлгілерді табу сияқты кейбір есептеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алады. Бұл процесс медициналық диагностика, автономды көліктер, интернет қауіпсіздігі, қауіпті анықтау және іздеу алгоритмдері үшін өте маңызды. Физиктердің айтуынша, фотонды нейрочиптің жылдамдығы секундына 2 петафлопқа жетуі мүмкін. Бұл көрсеткіш бәсекелес кремния чипінің әлеуетінен бірнеше есе асып түседі. Бұл ретте ол шамамен 80 ватт энергияны тұтынады, оның 95% оның оптикалық есептеу бөлігіне емес, чиптің қосалқы компоненттеріне түседі. Ғалымдар фотондық чиптің осынау ерекше артықшылығы бұл құрылғыны ғылымның барлық саласына аз уақыт ішінде енуіне көмектесетінін алға тартып отыр.