Физиктер сперматозоидтің қозғалу тетігін ашты (видео)
|

Сепрматозоидтер тек жүзіп қана қоймай, сұйықтықта спирал тәрізді құйын құрылымын қалыптастыра отырып, ирелеңдей қозғалатын болып шықты. Бұл тәсіл оларға аналық жасушаға қарай жылжығанда қосымша күш береді. Бұл жайында islam.kz порталы Cell Reports Physical Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Монаш университетінің қолданбалы микрофлюидика және биоинженерия зертханасының және Мелбурн жоғарғы оқу орнының сұйықтық механикасы тобының зерттеушілері қос микроскопия мен жоғары жылдамдықпен таспаға тарту технологиясын пайдалана отырып, жыныс жасушаларының қозғалысы кезінде туындайтын гидродинамикалық процестерді визуализациялады, яғни, көре алған екен. Белгілі болғандай, сперматозоидтар сұйықтықта тудырған құйын үйлесіммен шыр айналып, ұрыққа алға ұмтылуына ықпал етеді. Сперматозоидтің тік траекторияны сақтауына көмектесе отырып. Сперматозоид жүзген кезде оның құйрығы толқы тәрізді қозғалыс ізін қалыптастырады, ал бұл процесс өз кезегінде құйын қалыптастырып, аналық жасушаға ұмтылған сперматозоидтің қозғалысын мейлінше оңтайлы етеді. Бұл жаңалық ұрықтандыру (ұрпақ өрбіту) ғылымын жаңа белеске көтереді. Бұл ағынның (құйынның) ауқымы мен қуаты сперматозоидтердің қоршаған ортамен, өзге сперматозоидпен, тіпті, аналық жасушамен өзара әрекетіне әсер етуі мүмкін. Бұдан бөлек, аталмыш жаңалық организмге енген өзге микроскопиялық микрооргнизмдердің (мәселен, бактериялар) қозғалу тетігінің сырына үңілуге мүмкіндік бері ықимал. Осылайша инфекциялық аурулардың таралу және биологиялық пленканың қалыптасу процестерін түсінуге мүмкіндік беруі мүмкін.




