|
Иран ауыр судың әр келісін 1000 доллардан сатуда
|
Иранның атом энергия жөніндегі ұйым (AEOI) басшысы Мұхаммед Ислам отандық өнімнің – ауыр судың әр келісі 1000 доллардан сатылатынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы mehr news agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Бүгінде біздің әлемдік ауыр су нарығында да өз үлесіміз бар. Бұл өнімнің 300-ге жуық туынды түрі бар, олар медицина, өнеркәсіп, микроэлектроника және басқа да салаларда қолданылады және бүгінгі таңда маңызды затқа айналған», - деп атап өтті AEOI жетекшісі. «Ауыр судың әр келісі шамамен 1000 доллар тұрады, ал ауыр судан өндірілетін метанолдың бір тоннасы 1,2 млн тұрады, ал біз оны экспортқа шығарамыз», - деді ол.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа еліндегі мешіттерге әр 5 күн сайын бір шабуыл жасалады
■
Нұрлан имамға интернетте уағыз айтуға ресми түрде рұқсат етілді
■
Спутникті орбитаның өзінде істен шығара алатын микротолқынды қару пайда болды
■
Жаңа виза ұмра қажыларына бір жылда бірнеше рет қажылық жасауына мүмкіндік береді
■
Азия аймағында алаяқтардан келген шығын бір жылдың ішінде 114 млрд долларға жеткен