Экзотикалық өрмекші «сауыт» тоқиды (видео)
Экзотикалық өрмекші «сауыт» тоқиды (видео)
18 күн бұрын 616 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жануарлар мен жәндіктер әлемі саусағын ішіне құпиялар мен ашылмаған арал секілді жаңалықтарға толы. Әр тіршілік иесі ерекше. Сондай тіршілік иелерінің біріне жемтігін аулуада айрықша стратегия қолданатын өрмекші жатады. Бұл жайында islam.kz порталы IFLScience ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2010 жылы Caerostris darwini деп аталатын өрмекшінің жаңа түрі табылды. Мадакаскар аумағынан. Бұл буынаяқтының атауын әйгілі ғалым Чарльх Дарвиннің құрметіне қойды – өзгеше өрмекші табылған жылы атақты ғалымның “Түрлердің пайда болуы туралы” мәшһүр еңбегінің жарыққа шыққанына 150 жыл толған еді. Ғалымдар бұл өрмекшінің ерекшелігін оның айрықша қабілетімен, дәлірегі, сол қабылеті арқылы табиғатқа бейімделуімен байланыстырады. Жемтігін аулудағы тәсілінен көрінеді айрықша қабілеті. Негізінен өрмекшілердің өзге түрлерімен, ара немес инелік секілді ұшатын жәндіктермен қоректенеді. Шалшық суда,, өзен-көлде өзінің тұрқының шағын болғанына қарамастан ұзындығы 25 метрге жететін өрмек тоқиды - 28000 сантиметр аумақты алады. Бұл – рекордтық көрсеткіш! Өзге өрмекшілер мұндай көлемде өрмек тоқи алмайды. Ең басты ерекшелігі – өөрмек жіптерінің аса беріктігінде. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аса мықты минтетикалық материал – кевлардан он есе берік болып шыққан. Мұның сыры – өрмек жібінің құрамында MaSp4 деп аталатын айрықша ақуыздың болуында жатыр. Бұл ақуыз пролинге – амин қышқылына бай. Аталмыш қышқыл талшықтың беріктігін арттрады әрі икемді етеді. Еркегі ұрғашысынан ірі келеді. Еркегі 18-ден 22 миллиметрге дейін жетеді. Ал ұрғашысы 6 миллимтерден аспайды. Еркегі денесінің ірілігіне байланысты ұрғашысынан 14 есе ауыр келеді.

0 пікір
Мұрағат