Емге көнбейтін вирустың бетін қайтарудың әдісі табылды
Емге көнбейтін вирустың бетін қайтарудың әдісі табылды
2 жыл бұрын 1838 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өсімдік қоспалары қатерлі ісік жасушаларының және вирустардың көбеюін тежейді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу барысында ғалымдар химиялық жолмен түрлендірілген өсімдік қоспасының – рокаглаттың организмге Е гепатитінің вирусын еңсеруіне көмектесетініне көз жеткізген. Ғалымдар бұл тарапта түрлі химиялық модификация каталогын немесе «коллекциясын» жасап, олардың ауруға қалай әсер ететінін зерделеп көрген екен. Рокаглаттар - әртүрлі қызыл ағаш өсімдіктерінен алынатын өсімдік заттарының тобы. Олардың кейбір обыр жасушаларының көбеюін тежейтіні белгілі. Бұған дейін зерттеушілер олардың РНҚ вирустарына қарсы әсерін зерттеген: мысалы, олар Эбола вирустарының, Зика вирустарының және Sars-Cov-2 репликациясын тежей алады. Ғалымдар тобы осы 205 затты жасуша өскінінде гепатит Е вирусына қарсы тиімділігін тексерді. Ол үшін зерттеушілер қатерлі ісік жасушалары мен репортер генімен белгіленген HEV (гепатит Е вирусы) геномдарын пайдаланды. Өндірілген ақуыздың мөлшеріне сүйене отырып, ғалымдар вирустың әртүрлі заттардың қатысуымен қаншалықты сәтті репликацияланғанын дәл өлшей алған. Зерттеушілер заттың вирус репликациясын қаншалықты тежейтінін түсіну үшін жартылай максималды ингибиторлық концентрацияны пайдаланды. Ол неғұрлым төмен болса, зат соғұрлым жақсы жұмыс істейді. Рокаглаттар жасушаларды да зақымдауы мүмкін болғандықтан, биологтар доңыз бауырының сау жасушаларында бұл уыттылықты зерттеп көрді. Жасуша өскініне қарағанда төмен болып шықты. Е гепатиті – Е гепатиті вирусын жұқтырған бауырдың қабыну ауруы. Е гепатиті вирусының кем дегенде 4 түрі бар: генотиптер 1, 2, 3 және 4. Жыл сайын әлемде шамамен 20 миллион Е гепатитінің инфекциясы кездеседі, оның 3,3 миллионы симптоматикалық болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген дерегі бойынша 2015 жылы Е гепатитінен шамамен 44 000 адам қайтыс болды (вирустық гепатиттің барлық түрлерінен болатын жалпы өлімнің 3,3%-ын құрайды). Жедел Е гепатитінің өршу қарқынына әсер ететін арнайы ем жоқ.

0 пікір
Мұрағат