Екінші типті сусамырдан алғаш рет құлан таза айықтырды
Екінші типті сусамырдан алғаш рет құлан таза айықтырды
3 жыл бұрын 2033 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдік ғалымдар бұрын емдеп жазу мүмкін еместей көрінетін екінші типті сусамырдан зардап шегетін тышқады алғаш рет аталған дерттен құлан таза айықтырды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалына қатысты рецензия жарияланған Science Advances мерзімді басылымы мен JPost ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта екінші типті сусамырдан зардап шегетін тышқанды емдеу үшін гендік-инженерлік бұлшықет тінін пайдаланды. Бұлшықет жасушалары инсулиннің негізгі нысандарының бірі – ол қан құрамындағы қантты сіңіреді. Алайда, екінші типті сусамыр дертіне шалдыққан науқастардың бұл жасушаларының қантты игеру қабілеті төмен болып келеді. Сол себепті, қаңқадағы бұлшық еттің метаболилік (зат алмасу) белсенділігін қалпына келтіру аталған дерттің бетін қайтаратын емге айнала алар еді. Десе де бұл әлі күнге зерттелмеген қосымша терапия ретінде алға шығады. Шуламит Левенберг есімді профессор мен Рита Бекерман есімді докторант (Техниона биомедициналық инженерия факултетінің діңгекті жасуша және тіндік инженерия зертханасынан) бес жыл бойы екінші типті сусамыр дертіне шалдыққан тышқанның қантты жақсы сіңіруі үшін жасалған бұлшықет жасушаларының аутотрансплантатын әзірлеп, сынақтан өткізді. 

Қарай отырыңыз:

«Екінші типті сусамырды дәрісіз емдеу тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tipti-susamyrdy-darisiz-emdeu-tasili-tabyldy-15869/#gsc.tab=0);

«Қазақстан сусамыр дерті бойынша Орта Азияда бірінші орынға шыққан» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/qazaqstan-susamyr-derti-boiynsha-orta-aziyada-birinshi-orynga-shyqqan-1771/#gsc.tab=0);

«Дәрігерлердің сусамыр дертіне қатысты диагноз қоюдағы ең басты қателігі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/darigerlerdin-susamyr-dertine-qatysty-diagnoz-qoyudagy-en-basty-qateligi-anyqtaldy-9245/#gsc.tab=0);

«Ойламаған жерден ашылған жаңалық сусамыр дертін емдеуде төңкеріс жасайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/oilamagan-jerden-ashylgan-janalyq-susamyr-dertin-emdeude-tonkeris-jasaidy-14239/#gsc.tab=0);

«Екінші типтегі сусамыр мен бауыр фиброзын «істен шығаратын» тетік табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tiptegi-susamyr-men-bauyr-fibrozyn-isten-shygaratyn-tetik-tabyldy-14233/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат