Екі адам түсінде бір-бірімен алғаш рет тілдесе алды (видео)
Екі адам түсінде бір-бірімен алғаш рет тілдесе алды (видео)
2 ай бұрын 948 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Арнайы тәжірибеге қатысқан екі адам саналы түрде түс көріп, түсінде бір-бірімен хабар алмаса алды. Бұл жайында islam.kz порталы businesswire.com ақпарат көзі мен REMspace компаниясының YouTube әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Калифорниялық REMspace стартапының ғалымдары ұйқы кезінде адамдар арасында алғаш рет байланыс орнағанын хабарлады. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында екі адам арнайы құрал-жабдықтарды қолданып, анық түс көру фазасына кіріп, қарапайым хабарламамен алмасқан. Баспасөз релизінде және бейнекөріністе ерекше тәжірибеге қатысушылар «серверден», «аппараттық құралдан», «Wi-Fi» және «датчиктерден» тұратын «арнайы жасалған құралды» пайдаланғаны атап өтілген. Атылмыш компания өкілдерінің айтуынша, «құрылғы» ми толқындары мен шпалдардың басқа да полисомнографиялық деректерін қадағалаған. Десе де нақтысында мұндай тылсым құбылыстың астарын ашу үшін қандай технологияны қолданылғаны ашып айтылмаған. Бұл тараптағы тәжірибеге қатысқандар өз үйінде ұйықтағған. Сервер олардың біреуінің анық түс көру күйіне өткенін анықтаған кезде құлаққаптар арқылы ұйқыға кеткен адамға ойнатылатын кездейсоқ сөзді құлаққап арқылы естірткен. Ұйқыдағы адам бұл сөзді түсінде қайталады, ал оның жауабы жазылып, серверде сақталды. Екінші адам да ұйқы кеткен соң бірнеше минуттан кейін анық түс көру кезеңіне өтті. Сервер сақталған жазбаны ойнатты, қатысушы оны есіне түсіріп, оянғаннан кейін қайталап айтып берген. REMspace өкілдері бұл жетістікті «түстегі сұхбат» деп атады. Ашық түс көру - адам өзінің түс көріп жатқанын білетін және түсін басқара алатын сананың өзгерген күйі. REMspace-нің негізін қалаған әрі бас дирекоры Майкл Радуга бұл технология жасанды зердеге ұқсас төңкеріс жасап, физиологиялық мәселелерді шешуден жаңа дағдыларды үйретуге дейінгі түрлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Ғалымдар саналы түрде түс көрудің тың тәсілін ұсынды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/galymdar-sanaly-turde-tus-korudin-tyn-tasilin-usyndy-19272/#gsc.tab=0);

«Саналы түрде түс көрудің әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sanaly-turde-tus-korudin-adisi-tabyldy-16705/#gsc.tab=0);

«Түнгі таным: саналы түрде түс көрудің тетігі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungi-tanym-sanaly-turde-tus-korudin-tetigi-tabyldy-15860/#gsc.tab=0);

«Бизнес өз өнімдерін адамның түсінде жарнамалағысы келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/biznes-oz-onimderin-adamnyn-tusinde-jarnamalagysy-keledi-15387/#gsc.tab=0);

«Түс – болашақтың хабаршысы (жаңа гипотеза)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tus-bolashaqtyn-habarshysy-jana-gipoteza-15388/#gsc.tab=0);

«Біртүрлі түстер гипотезасы пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/birturli-tuster-gipotezasy-paida-boldy-15314/#gsc.tab=0);

«Адам неге түс көреді? Жаңа гипотеза пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-nege-tus-koredi-jana-gipoteza-paida-boldy-15234/#gsc.tab=0) 

 

0 пікір
Мұрағат