Ежелгі технология таза энергияға көшуге көмектеседі
Ежелгі технология таза энергияға көшуге көмектеседі
3 ай бұрын 667 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Стэнфорд университетінің (Америка құрама штаттары) ғалымдары қола дәуірінен қалған көне кірпіш құю технологиясының 2050 жылға таман таза энергияға көшуге көмектесетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы PNAS Nexus мерзімді басылымына слтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш технология жылуды сіңіретін кірпішті оқшауланған контейнерге жинауды ұйғарады, онда олар күн немесе жел генераторлары шығаратын жылуды сақтай алады. Болашақта бұл кірпіштерді өнеркәсіптік процестерге қажетті температурада қолдануға болады. Ретімен қаланған ыстық кірпіш арасындағы арналар арқылы ауаны өткізіп, жылуды шығаруға болады, бұл тәсіл цемент, болат, шыны және қағаз диірмендерінің жел немесе күн сәулесі болмаса да жаңартылатын энергиямен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Отқа төзімді кірпіштердің аккумуляторлардан артықшылығы - олар электр энергиясын емес, жылуды сақтайды және әлдеқайда арзан. Кірпіш құю үшін қолданылатын материалдар ежелгі пештерді соғу немесе тұрғызу үшін қолданылатын материалдарға ұқсас келеді, десе де жылуы сақтауы үшін оңтайландырылатын болады. Мұндай кірпіштерді қолданысқа немесе өндіріске енгізу өз кезегінде атмосфераға бөлінетін көміртегі мөлшерін азайтуға және ауаға көмірқышқыл газының 99,75 пайызын бөлетін 149 елде қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік жылу көзі ретінде отқа төзімді кірпішті пайдалану, сондай-ақ, күрделі шығындарды 1,27 триллион долларға кемітуге, сондай-ақ, энергияны сақтауға арналған батареяларға қажеттілікті азайтуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат