Доңыздың жүрегі салынған адам қайтыс болды
Доңыздың жүрегі салынған адам қайтыс болды
3 жыл бұрын 5349 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша тұңғыш рет гені түрлендірілген доңыз жүрегі ота арқылы салынған адам наурыз айының 8-і күні бақиға аттанды. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жануар ағзасы қондырылған науқастың қайтыс болғаны туралы ақпаратты ота жасалған Мериленд университеті хабарлаған. Негізінде бұл ота жануар ағзасы арқылы трансплантацияланатын адам донорының тапшылығын жою туралы үмітті тұтатып еді. Үміт ақталмады. Бұл жаңалықты әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, күллі әлемге жар салған болатын. Осы жылдың қаңтар айының 7-і күні Дәуіт Беннет есімді 57 жастағы науқасқа өзгеше ота жасалған еді – жануар ағзасы қондырылды. Ота сәтті аяқталып, науқастың беті бері қарап, өздігінен жүре алатын халге де жеткен болатын. Соған қарамастан ол мына дүниеден озды. Тіпті, мәйітті сойып тексеретін патологоанавтардың өздері пациенттің нақты неден өлгенін анықтай алмай отыр. Десе де білікті мамандардың, солардың ішінде жүректі трансплантациялау бөлімінің меңгерушісі Мұхаммед Мұхитдиннің топшылауынша, пациент инфекциядан көз жұмған, дәлірегі, организмге енген жат элементтермен күресу үшін иммунитет жасушалары белсенді әрекетке көшеді, нәтижесінде қабыну пайда болады, дәрігерлер иммунитеттің белсенділігін басу әрі инфекциямен бір мезгілде күресуге тура келген. Адам организмі жатырқаған бөгде ағза лас саналатын жануардан алынған.

0 пікір
Мұрағат