Донорлық ағзалар үшін діңгекті жасушадан синтетикалық ұрық өсірілді
Донорлық ағзалар үшін діңгекті жасушадан синтетикалық ұрық өсірілді
2 жыл бұрын 2900 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл әдіс тірі жануарларды сынау қажеттілігін азайтады және трансплантация үшін тіндер мен ағзалардың қайнар көзіне айналады. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израилдегі Вейзман атындағы ғылыми институттың діңгекті жасушаларды зерттеумен айналысатын ғалымдары сперматозоидтар мен ұрық жасушаларын пайдаланбай тышқанның синтетикалық эмбриондарын жасады. Оларды жүктілік кезеңінің жартысына жуық аралықта жасанды құрсақта өсірді. Сайып келгенде аталмыш технология трансплантацияға арналған ағзаларды өсіруге ыңғайлы. Израилдік ғалымыдардың бұл зерттеуі осы бағыттағы бұрынғы зерттеу тәжірибесіне негізделген. Алдымен діңгекті жасушаларды өзге жасушаға айналуына мүмкіндік беретін, яғни, сараланатын кезеңіне қайтаратындай етіп қайта бағдарлады. Екіншісуінде эмбрионды жатырдан тыс жерде өсуіне ықпал ететін құралды әзірледі. Осы екі тәсілді біріктіре отырып, осы заманғы ең озық синтетикалық ұрық өсіре алған. Ғалымдар осыдан бірнеше жыл бұрын Петри ыдысында өсірілген тышқанның діңгекті саралана алатын жасушаларын пайдаланған. Оларды эмбрионның дамуында маңызды рөл ойнайтын үш топқа бөлген екен. Топтардың біреуінде ұрық ағзалары қалыптасатын жасушалар болды. Қалған екі түрі эмбрионнан тыс тіндердің негізгі реттеуші гендерімен өңделді - бір топ үшін плацента және екіншісі үшін сарыуыз қапшығы. Содан кейін жасушалардың үш түрі қысым мен оттегі алмасуын мұқият бақылайтын және табиғи қоректік заттардың ағынын имитациялау үшін үлгілерді ақырын жылжытатын жасанды құрсақта біріктірілді. Ішке енгеннен кейін үш жасуша түрі бір-біріне жабысып, эмбрион тәрізді құрылымдарды түзді. Олардың басым көпшілігі осы кезеңде өліп кетті және тек 0,5%-ы немесе шамамен 10 000-ның 50-і сәтті дамыған. Кейінгі зерттеулер синтетикалық эмбриондардың ішкі құрылымдарының формасы мен гендік экспрессия заңдылықтары 95% дәлдікпен табиғиға сәйкес келетінін көрсетті. Бұдан бөлек, олардың ағзалары да жұмыс істеп тұрғандай көрінген еді.

0 пікір
Мұрағат