Діңгекті жасушалардың ғұмырын ұзарту тетігі анықталды . Бұл жаңалық несімен артық?
Діңгекті жасушалардың ғұмырын ұзарту тетігі анықталды . Бұл жаңалық несімен артық?
3 жыл бұрын 1952 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Санта-Барбарадағы (АҚШ) Калифорния университетінің биологтері шыбындардың өздерінің ұрығының дңгекті жасушаларының ғұмрын қалай ұзартатынын зерттеп көрген екен. Осылайша аталған жәндіктің діңгекті жасушалардың ғүмырын ұзарта алатын қабілетке ие екендігіне көз жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы eurekalert.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта профессор Дениз Монтелл діңгекті жасушалардың, соның ішінде әйелдің жыныс жасушаларының ғұмырын қалай ұзартатынын  анықтауды алдарына мақсат еткендерін жеткізді. Шыбын, мәселен, ұзақ уақытқа созылған суықта немесе қараңғылықта саяыр тауып, тыншиды. Бұл құбылыс ғылымда диапауза деп аталады. Яғни, бұл маусымдық реакция – өсіп-өнуі үшін энергиясын үнемдеуге көшеді. Диапауза шыбынның ғұмырын ұзартып, оның репродуктивті (ұрпақ өрбіту) қабілетін шыңдайды. Диапауза кезінде шыбындар аз қректенеді, белсенділігі төмендейді әрі өзінің репродуктивті қабілетін тоқатады, десе де жәндіктер ұйқыға кетпейді. Монтелла зертханасында қолға алынған осы жобаға атсалысқан Срисанкар Исуаран есімді ғылыми қызметкердің сөзіне қарағанда, жәндіктің жашуса биологиясын зердеей келе стреске тап болғанда аналық шыбындардың жұмыртқа дамуының белгілі бір кезеңінде оогенезді – жұмыртқа өндіруді тоқтататынын тілге тиек етті. Бұл құбылыс диапауза кезінде орын алғанымен осынау кезең аясынан шығып кететінін де айта кетпеске болмайды. Оогенездің тоқтауы диапауза кезінде басқа стресстік жағдайларға (мәселен, жыртқыштар тарапынан қауіп төнгенде немесе ақуыз жетіспегенде) қарағанда әлдеқайда толық болды.Сондай-ақ, оогенез кезінде репродуктивті қабілетінің қалпына келуі де белсенді жүретінін айта кету керек. Ғалымдар ұрықтың діңгекті жасушаларының ғұмырын жасанды жолмен ұзартуға болатынын немесе болмайтынын  анықтау үшін осындай зерттеу жүргізгенін ұмытпауымыз керек: ғалымдар жұмыртқа өндірісін тоқтататын ювелнилі гормонды істеп шығаратын жасушаны жойды, содан соң алты аптадан соң аталған гормонды шыбын қорегіне қайта енгізді. Тәжірибе нәтижесі көрсеткендй, гормон уақытша жойылғанда жәндіктің репродуктивті қабілеті ұлғайған диапауза кезіндегідей әрі жұмыртқа өндірісі де қалпына келген. Ендігі жерде ғалымдар мұндай тәсілді адам орагнизміне қолданып көруге болатынын немесе болмайтынын тексеріп көрмек.

0 пікір
Мұрағат