Діңгекті жасушалар «анасы» регенеравтивті медицина саласына өзгеріс әкеледі
Діңгекті жасушалар «анасы» регенеравтивті медицина саласына өзгеріс әкеледі
3 жыл бұрын 3207 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда жүргізілген зерттеу нәтіижесі көрсеткендей, тотипотентті діңгекті жасушалар (организмдегі кез келген жасуша түріне дифференциялана алатын немесе осылайша тұтас организмды жасауға қабілетті организмдегі жалғыз жасуша) ДНҚ репликациясынан баяу өтетіндіктен оның бұл ерекшелігін медицинада қолдануға болады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Барлық діңгекті жасушалар «анасы» атанған тотипотентті діңгекті жасушалар ДНҚ-ны әлдеқайда баяу репликациялайды, яғни, көбейтеді. Бұл ерекшелік оның өзге жасушаға айналуы кезінде  тиімділігін арттырады. Зертханада өсірілген тотипотентті діңгекті жасушаларында ДНҚ репликациясының баяулауы олардың тиімділігін арттырады: бұл регенеративті медицинада үлкен серпіліске әкелуі мүмкін. Діңгекті жасушалар организмдегі түрлі жасушаларға айналу қабілетімен танымал, алайда, олардың кейбіреуі басқаларына қарағанда әмбебап болып келеді. Мәселен, мультипотентті діңгекті жасушалар ересек организмнің көптеген тіндерінде кездеседі әрі ол жасуша түрлерінің шектеулі диапозонында ғана дифференциялана алады. Ал плюрипотентті діңгекті жасушалар опцияның кең спектіріне ие: олар организмдегі кез келген жасуша түріне дерлік бөлінуі мүмкін. Мұндай жасушалар даму үстіндегі эмбрионда кездеседі. Сондай-ақ, оны регенеративті медицинаның көп бөлігін құрайтын ересек жасушалар үшінде қолдануға болады. Ал тотипотентті діңгекті жасушалардың қуаты мен қабілеті бұлардан да жоғары: олар организмдег кез келген жасушаға айнала алады әрі планцет секілді өзгеше құрылым түзе алады. Аталған жасушалар ұрықтандырудан кейін бірнеше күн өткен соң пайда болады. Тотипотентті діңгекті жасушалардың неліктен мұндай тиімділікке ие екенін түсінуге көмектесетін жаңа ерекшелігін анықтады. Мюнхен қаласындағы Людвиг-Максимилиан университетінің және Гельмгольц атындағы жоғарғы  ооқу орны ғалымдары. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Жунетоши Накатани есімді ғалымның айтуынша, тотипотентті діңгекті жасушаларда ДНҚ репликациясының өзгее жылдамдықпен жүреді, дәлірегі, өзге жасуша түрлеріне қарағанда баяу жүреді. Бұл ерекшелік өз кезегінде репликация кезінде кететін қателіктің азаюына септігін тигізеді. Бұл жайт ғалымдарға тотипотентті діңгекті жасушалардың бұл ерекшелегін қандай да бір аурудың бетін қайтару немесе алдын алу секілді емдік шараларда пайдалануға болатыны немесе болмайтыны жөнінде сауалды көлденең тартқан еді. Мәселен, ДНҚ репликациясының жылдамдығын өзгерту мүмкін болса, тотипотентті діңгекті жасушаларды қайта программалауға бола ма? Бұл идеяны тексеріп көру үшін ғалымдар ДНҚ репликациясын қолдан баяулатып көреді, нәтижесінде оның тиімілігін арттыратында етіп программалауға болатыны белгілі болды. 

0 пікір
Мұрағат