Дене тіндерінен қартайған жасушаларды «жою» әдісі табылды
Дене тіндерінен қартайған жасушаларды «жою» әдісі табылды
3 ай бұрын 732 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жунтендо университетінің (Жапония) ғалымдары арнайы ақуыздың – натрий-глюкоза ко-тасымалдаушы 2-нің (SGLT2) белсенділігін қолдан (жасанды түрде) төмендетсе, бұл әдістің тышқандар организіміндегі тозған жасушаларды жоюға көмектесетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Aging мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар ағза тіндеріндегі тозған жасушалар жинала келе физиологиялық «солу» деп аталатын организмге қауіпті процеске жол ашады: бірқатар жүрек-қан тамырлары, нейродегенеративті және метаболикалық (организмнің зат алмасу процесінің тежелуі) ауруларды тудырады. Тозған жасушалар деп бөлінбейтін, яғни, бөліну қабілетінін айырылған және өз функцияларын қалыпты түрде орындай алмайтын жасушаларды айтамыз. Бұдан бөлек, тозған жасушалар қоректік заттарды сіңіре алмайды және зақымдалған хромосоманы қалпына келтіру қабілеті де төмендейді. Алдыңғы зерттеулер калорияны шектеу немесе тәуліктігіне калорияны тұтыну мөлшерін төмендету арқылы жасугшалардың тозу процесін төмендетуге болатынын көрсетіп берген еді. Дәлірегі, мұндай нәтижеге глюкозаны тасымалдауға атсалысатын негізгі ақуызды (натрий-глюкоза ко-тасымалдаушы 2 (SGLT2) табиғи түрде тежеу (жеңіл ашығу) ​​және қандағы глюкоза деңгейін тиімді төмендету арқылы қол жеткізуге болады. Бұл тарапта жүргізілген тәжірибе барысында қартаю процесін жылдамдататын артық салмақтан зардап шегетін тышқандарға SGLT2 канаглифлозин дәрісін беріп көрді. Нәтижесінде канаглифлозинмен емдеу шарасы глюкозаның алмасуын айтарлықтай жақсартқан және кеміргіштердің бойында инсулинге төзімділіктің төмендеуіне ықпал еткен. Сонымен қатар, канаглифлозинмен емделген кеміргіштердің май тінінде қабыну мен тотығу стресі төмендеген. Ғалымдар бұл жаңалықтың өз кезегінде организмнің қартаю процесін тездедетін, жас ұлғая келе жабысатын түрлі ауыр дерттердің (жүрек-қан тамыр аурулары, сусамыр, атеросклероз, т.б.) алдын алуға көмектесетінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат