Cутегі фотосинтезінің технологиясы: жарықты отынға айналдырады
Cутегі фотосинтезінің технологиясы: жарықты отынға айналдырады
3 жыл бұрын 1386 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Бейне: Dr Virgil Andrei, St John’s College, University of Cambridge

Висмут оксиодидінен және көміртектен жасалған құрылғылар жарықтың әсерінен судан таза сутегін шығара алады. Алайда, бұған ұзақ уақыт кетеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кембридж университетінің және Лондондағы империялық колледждің ғалымдары өсімдік жапырағындағы табиғи фотосинтез процесін имитациялайтын құрылғы ойлап тапты. Бірден-бір жалғыз айырмашылығы – қантың орнына сутегін өндіреді. Сутегі – келешегі зор отын түрлерінің бірі, дегенмен, ол қазіргі уақытта негізінен қазбалы отын түрлерінен өндіріліп жүр. Ғалымдардың айтуынша, жасыл сутегін, яғни, мейлінше экологиялық жағынан таза сутегін алу бағытында жұмыстар жүріп жатыр, соның ішінде күн сәулесінің әсеріне ұшырата отырып, суды бөлу немесе ыдырату жолымен алу да қарастырылуда. Алайда, бұл тараптағы өндірісте пайдалануға болатын жарық сіңіруші материалдар суда тез ыдырап кетіп жатады. Осындай материалдың бірі - висмут оксиодиті. Танымал перовскиттерден айырмашылығы, ол улы емес, бірақ, суда өте тез ыдырайды. Зерттеушілер оксиодитті екі оксид қабатының арасына орналастыру арқылы осы жасанды жапырақ құрылғыларының тұрақтылығын арттырудың жолын тапты. Құрылғының берік дизайны ылғалдың енуіне жол бермеу үшін қосымша су өткізбейтін графит пастасымен қапталған. Нәтижесінде оксиодиттің жасанды «жапырақтары» негізіндегі құрылғының тұрақты жұмыс істеу мерзімі бірнеше минуттан екі айға дейін артты. Мұндай нәтиже, авторлар атап өткендей, жаңа құрылғыны жасыл сутекті өнеркәсіптік өндірудің өміршең жүйесіне айналдырады. Ғалымдар, сонымен қатар, бірнеше жарық жинайтын аймақтардан («пикселдер» деп аталады) тұратын құрылғылардың бірдей үлкен параққа қарағанда жақсы жұмыс істейтінін анықтады. Бұл жаңалық өз кезегінде жанармай өндірудің жаңа жүйелерінің ауқымын ұлғайтуды айтарлықтай жеңілдетеді және тездетеді.

Ұқсас материалдар:

«Сутегі өндірісінің ерекше тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sutegi-ondirisinin-erekshe-tasili-paida-boldy-15897/#gsc.tab=0);

«Күн энергиясын сутекті отын түрінде сақтайтын әдіс табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kun-energiyasyn-sutekti-otyn-turinde-saqtaityn-adis-tabyldy-16760/#gsc.tab=0);

"Әлемде тұңғыш рет 100% сутегімен жұмыс істейтін турбин іске қосылды" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-tungysh-ret-100-sutegimen-jumys-isteitin-turbin-iske-qosyldy-16936/#gsc.tab=0);

«Таяу жылдары «сутегі» энергиясына көшетін ел белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-jyldary-sutegi-energiyasyna-koshetin-el-belgili-boldy-15636/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат