Cусамырдың тағы бір себебі анықталды
Cусамырдың тағы бір себебі анықталды
4 ай бұрын 451 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының Case Western Reserve университетінің ғалымдары бұл тарапта зерттеу жүргізіп, нәтижесін жариялады: азот оксидін (NO) жасушалар арасында ақпарат алмасуға қабілетті молекулаға айналдыратын S-нитрозилдеу процесі анықталған. Бұл жайында islam.kz порталы Cell ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.Азот оксиді жасушалар мен тіндердің барлық дерлік түрлерінде кездеседі. Ол жүйке және иммундық жүйелердің жұмыс істеуі, қан тамырларының кеңеюі үшін қажет. S-нитрозилиздеу қызметінің бұзылуы өз кезегінде демікпе, Паркинсон және шашыраңқы склероз сияқты емі қиын аурулардың пайда болуына себеп болады. Бұдан бөлек, азот оксиді сусамырдың (қант диабетінің) дамуына да әсер етуі мүмкін. Ғалымдар азот оксидін инсулин рецепторлары сияқты ақуыздарға енгізуге көмектесетін S-нитрозилдеуде маңызды рөл атқаратын жаңа SCAN ферментін анықтады. Ғалымдар 2 типті қант диабеті инсулин секілді ақуыздармен байланысатын азот оксидінің көптігінен пайда болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. SCAN ферментін бұғаттау аталмыш ауруды емдеудің бір әдісіне айналуы ықтимал.

0 пікір
Мұрағат