Қытай экономикасы аз жылдан соң АҚШ экономикасын артқа тастайды
Қытай экономикасы аз жылдан соң АҚШ экономикасын артқа тастайды
5 ай бұрын 519 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ng Han Guan / AP

Қытай шамамен 2037 жылы жалпы ішкі өнімі бойынша Америка құрама штаттарын басып озады. Алайда, 2050 жылдары АҚШ экономикасы қайта өрлеп, Қытай экономикасын артқа тастайды. Мұндай болжамды британиялық экономикалық және іскерлік орталығы (Centre for Economics and Business Research, CEBR) келтірді. Бұл жайында islam.kz порталы The Telegraph ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. CEBR сарапшылары, сондай-ақ, Индонезия мен Вьетнамның экономикасы 2050 жылға дейін әлемдік экономикадағы үлесін арттыратынын алға тартып отыр. Бұған батыс елдерінің қарызға батуы мен халықтың қартаю процесінің күшеюі себеп болмақ. Ал 2080 жылдары Үндістан экономикасы әлемдегі ең ірі экономикаға айналады. Осылайша әлемде екі алып державаның (АҚШ пен Қытай) қатарын тағы бір ел (Үндістан) толықтыратын болады.

0 пікір
Мұрағат