Cаудиялық ғалымдардың өнертабысы: Wi-Fi күн сәулесімен алмастырылады
Cаудиялық ғалымдардың өнертабысы: Wi-Fi күн сәулесімен алмастырылады
2 жыл бұрын 1516 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күн сәулесін поляризациялай алатын смарт терезелер Wi-Fi-ға төмен қуатты балама болуы мүмкін, дейді саудиялық ғалымдар. Бұл жайында islam.kz порталы Alpha Galileo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Корол Абдолла атындағы ғылыми-технологиялық универистет (KAUST) зерттеушілері интеллектуалды (зерделі) шыны жүйесін ойлап тапты. Ол өзі арқылы өтетін күн сәулесін модуляциялайды және содан кейін бөлмедегі құрылғылар қабылдайтын ақпаратты кодтайды. Араб ғалымдары деректерді жіберу үшін күн сәулесін пайдалану өз кезегінде кәдімгі Wi-Fi-мен салыстырғанда байланысудың экологиялық нұсқасын қамтамасыз ететінін алға тартып отыр. Олар екі бөліктен тұратын күн сәулесінің байланыс жүйесін әзірледі. «Әйнектің бетіне орналастыруға болатын жарық модуляторы және бөлмеге орнатылған қабылдағыш бар. Модулятор – біз ұсынатын екі элементті сұйық кристалды жапқыштар (DLS) ретінде белгілі интеллектуалды шыны элементтердің жиынтығы», - дейді зерттеуші Осама Амин. Сигналдарды жіберілетін жарыққа кодтау үшін сүзгі рөлін атқаратын сұйық кристалдық қақпалар жиынының жұмысына тек 1 ватт қуат қажет болады. Оны зарядтауға кішкентай күн панелі қолайлы. «Байланыс жүйесі модулятордың жағына түсетін күн сәулесінің поляризациясын өзгерту арқылы жұмыс істейді. Ресивер берілген деректерді декодтау үшін бұл өзгерісті анықтай алады», де түсіндірді маман. Ғалымдардың есебі бойынша олар жасаған қондырғы деректерді секундына 16 килобит жылдамдықпен жібере алады. Қазіргі уақытта олар сынақ прототипін жүзеге асыру үшін қажетті құрал-жабдыққа тапсырыс беріп жатыр. Болашақта олар деректерді беру жылдамдығын секундына килобиттен мегабит пен гигабитке дейін арттыруды жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат