Бүгін - дүниежүзілік сусамырмен күрес күні: Сусамыр қатерінің тағы бір факторы анықталды
Бүгін - дүниежүзілік сусамырмен күрес күні: Сусамыр қатерінің тағы бір факторы анықталды
3 жыл бұрын 2030 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Швеция ғалымдары анықтағандай, қан құрамында галектин-1 ақуызының мөлшері жоғары болса, адамның екінші типті сусамыр дертіне шалдығу қатері жоғары болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Diabetologia мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Галектин-1 ақуызы организмдегі май жасушаларының қабынуын реттеуге атсалысады. Бұрын бұл тарапта мынадай жорамал айтылған: аталмыш ақуыз екінші типті сусамырдың дамуымен байланысты патофизиологиялық тетіктерді іске қосады, өйткені, ол инсулин деңгейі артқан кезде пайда болады. Гетеборг әне Лунд университеттерінің ғалымдары 1991-1994 жылдар аралығында жиналған лонгитюдті (ұзақ мерзімді) зерттеуге тартылған төрт мыңнан аса адамың қан үлгілерін талдап көрген екен. Ғалымдар галектин-1 ақуызының деңгейінің екінші типті сусамырдың дамуымен (18 жыл бойы) қаншалықты сәйкес келетінін бағалап көрді әрі тиісті корреляцияны анықтады. Десе де ғалымдар аталған ақуыз деңгейіне қарап, екінші типті сусамырдың пайда болу ықтималдылығын болжауға болмайтынын алға тартып отыр. Екінші жағынан, ғалымдар лонгитюдті зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, галектин-1 ақуызының деңгейі жоғары болуына байланысты артық салмақтан зардап шегетін, сусамыр дертіне шалдыққан әрі инсулинге төзімділігі жоғары науқастың бүйрегі аз зақымдалатынына көз жеткізген болатын. Осынау зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі Еммануел Фриктің айтуынша, галектин-1 ақуызының бүйректегі әрекеті қабыну процесімен байланысты болып шыққан, сонымен қатар, май тіндерінде ол метаболилік (зат алмасу) процесімен байланысты әрекет етеді.

Ұқсас материалдар:

«Екінші типті сусамырдан алғаш рет құлан таза айықтырды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tipti-susamyrdan-algash-ret-qulan-taza-aiyqtyrdy-15979/#gsc.tab=0);

«Екінші типті сусамырды дәрісіз емдеу тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tipti-susamyrdy-darisiz-emdeu-tasili-tabyldy-15869/#gsc.tab=0);

«Қазақстан сусамыр дерті бойынша Орта Азияда бірінші орынға шыққан» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/qazaqstan-susamyr-derti-boiynsha-orta-aziyada-birinshi-orynga-shyqqan-1771/#gsc.tab=0);

«Дәрігерлердің сусамыр дертіне қатысты диагноз қоюдағы ең басты қателігі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/darigerlerdin-susamyr-dertine-qatysty-diagnoz-qoyudagy-en-basty-qateligi-anyqtaldy-9245/#gsc.tab=0);

«Ойламаған жерден ашылған жаңалық сусамыр дертін емдеуде төңкеріс жасайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/oilamagan-jerden-ashylgan-janalyq-susamyr-dertin-emdeude-tonkeris-jasaidy-14239/#gsc.tab=0);

«Екінші типтегі сусамыр мен бауыр фиброзын «істен шығаратын» тетік табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tiptegi-susamyr-men-bauyr-fibrozyn-isten-shygaratyn-tetik-tabyldy-14233/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0);

"Ғалымдар сусамыр дертін анықтайтын микрочип ойлап тапты" (https://islam.kz/kk/news/alem/galymdar-susamyr-dertin-anyqtaityn-mikrochip-oilap-tapty-426/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат