Болашақ медицинасы: тіндерді регенерациялау әдісі табылды
Болашақ медицинасы: тіндерді регенерациялау әдісі табылды
7 күн бұрын 566 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының (МІТ) сарапшылары жасушалардың құрылымын өзгерту үшін жарық импульстерді пайдалану арқылы тірі жасушаларды бақылауда маңызды қадам жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Physics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Эхинодерм жасушаларымен, оның ішінде жұлдызбалықтармен жүргізілген тәжірибелерде зерттеушілер биологиялық құрылымдарды қысу мен созудан бастап квадрат сияқты геометриялық тұрақты пішіндер түзуге дейін түрлендіре алған екен. Бұл тарапта ғалымдар жасуша ішіндегі компоненттерді ынталандырудан бастап, ыдыратуға дейінгі процестерге ықпал ететін GEF ферментін пайдаланған. Ғалымдар бұл ақуызды жарыққа сезімтал ететіндей етіп модификациялаған.  GEF ферментінің фотоактивті нұсқасын жасуша мембранасына біріктіру арқылы биологтар бақыланатын деформацияларды белсендіре отырып, жекелеген учаскелерге лазерлік импульстермен әсер етуді көздеген. Жарықтандырудың жиілігін, қарқынын және локализациясын (белгілі бір аймағын) өзгерту арқылы ғалымдар жасушаның белгілі бір нүктесінде тарылтып, келесі бір нүктесінде ауқымды толқын тәрізді қозғалыстарды да тудырған. Бір қызығы, белгілі бір нүктедегі бір соққының өзі жасушаны қосымша стимулсыз өз бетінше қайта құрылымдауға әкелетін тізбекті реакцияны тудырды. Бұл құбылыс бастапқы сигналдан кейін жасушалық функцияларды автономды (өз бетінше) түзетуге мүмкіндік ашады. Сонымен, бұл технологияның артықшылығы неде? Ол ең алдымен регенеретивті (қалпына келтіру) медицинасын жаңа белеске көтереді. Мәселен, жарақатқа немесе күйік шалған жерге таңатын жасушалы пластыр әзірлеуде қолданылуы мүмкін – жараның орны тез бітуі үшін жарықпен тіндердің регенерациялау процесін жылдамдатады. Бұдан бөлек, дәрі-дәрмек өндірісінде қолданылуы ыұтимал: дәрі тек организмнің қажетті жеріне жеткенде жарықтың әсерінен босайды. Бұл дәрінің организмге тигізер кері әсерін төмендетеді. Қазіргі уақытта бұл әдісті адам жасушаларына бейімдеп жатыр. Сондай-ақ, олар оптикалық басқарудың жасушааралық коммуникацияға (жаасушалардың өзара байланысына) қалай әсер ететінін зерттейді - онкологиялық аурулар мен нейродегенеративтік ауытқуларды емдеу үшін өзекті. Кейін аталмыш тәсіл организм қажеттіліктеріне бейімделуге қабілетті бағдарламаланатын функциялары бар биоинженерлік ағзаларды әзірлеуге көмектесуі мүмкін.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4