Болашақ биотехнологияда!
Болашақ биотехнологияда!
3 жыл бұрын 2045 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Келешектің басты ресурсы термоядролық энергия емес, графенді нанотүтікше де емес, криптовалюта да емес, тіпті, ауызсу да емес, түрлі ластаушы заттар мен қалдықтарды, улы заттарды ыдырата алатын, гені түрлендірілген (модификацияланған) микроорганизмдер, яғни, синтетикалық биологияның жемісі болмақ. Одан кейін «қазаншының өз еркі – қайдан құлақ шығарса да» - әркімнің қалауына қарай микроорганизмдер қажетті химиялық затты өзі-ақ жасап шығарады. Бұл жайында islam.kz порталы Zenger News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Синтетикалық биологияда көздеген затыңды алудың немесе пайдаланудың қандай да бір шектеуі болмайды. Әлбеттте, микробтар күрделі химиялық қосындыны түзе алмайды, алайда, мұның қажеті шамалы – негіз қалайтын базалық шикізатты қалыптастырады, қалғаны химиялық өнеркәсіптің еншісінде. Бұл теорияның растығын дәлелдеу үшін Иллинойс университетінің биоинженері Тинг Лу мен Мичиган технологиялық жоғарғы оқу орнының биологы Стивен Тектманн пластиктен, сенесіз бе, кәдімгі жейтін азық алуды ұсынып отыр. Аталмыш технология әлі шикі, бұл талпыныс қана, соған қарамастан есімі аталған екі ғалым Future Insight Prize 2021 марапатына ие болып үлгерді. Мұндағы идея микрорганизмдерді пластиктің негізін құрайтын полимер молекулаларын ыдырата отырып, одан көміртек, сутегі және оттегі алуға саяды. Одан кейін микробтардың тіршілігінің нәтижесінде бұл молекулалардан амин қышқылы қалыптаспақ, ал одан жеуге жарамды ақуыз алынады. Ғылыми тұрғыдан мұны былайша тарқатып түсіндіруге болады: негізгі химиялық элементтер молекулалары орын ауыстырып, жаңа құрылымға ие болады, яғни, басқа затқа айналады. Әлбетте, тәбетіңда тарта қоймайды, алайда, арзан әрі тойымды тағамға қол жеткізе аласыз.

0 пікір
Мұрағат