Біртүрлі түстер гипотезасы пайда болды
Біртүрлі түстер гипотезасы пайда болды
4 жыл бұрын 3115 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Массачусеттегі Тафтса университетінің ғалымдарының тұжырымынша, біртүрлі түстер арқылы адамды өмірдегі кенеттен болатын ситуацияларға дайындайды. Осылайша ми бір сарынды өмір көріністерінен демалады. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Біртүрлі түстер табиғаты туралы әр түрлі гипотезалар айтылғанымен осы уақытқа дейін қандай да бір нақты функция жөнінде сөз қозғалған емес»,- деп түсіндірді нейробиология кафедрасының доценті Эрик Хоэл. Осылай деген ол көрнекі мысал ретінде жасанды зердені баулу барысында қолданылатын тәсілді келтірді: алгоритм белгілі бір мәліметтер жиынтығын жақсы зерделейтіндіктен тек бір ғана сценариді ғана ең дұрысы деп таниды. Бұл қателікті түзету үшін ғалымдар жаңа, стандарттан тыс элементтерді қолданады. Ғалымдардың пайымдауынша, ми да осындай жолмен біртүрлі әрі сюрреалистік түстер тудырады – нақты өмірде күтпеген жерден кездесуі ықтимал жағдайларға адамды дайындайды. Эрик Хоэлдің айтуынша, түстердің біртүрлілігі мен оның нақты өмірдегі жағдайлаомен сәйкес келмеуі өз кезегінде мидың биологиялық функциясын дарытады, яғни, мидың жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Бұрынғы зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, адам таңға таман біртүрлі түстер көреді әрі бұл оның ұмытылуға айналған баяғы өмірінде болған оқиғамен байланысты болып шыққан. Осы орайда онейрологияның (түс физиологиясы туралы ғылым) енді дамып келе жатқан сала екенін айта кету керек. Адамдардың таң алдындағы матафорлық түстер көруінің құпиясын осылайша түсіндіріп береді. 

Ұқсас материалдар:

«Адам неге түс көреді? Жаңа гипотеза пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-nege-tus-koredi-jana-gipoteza-paida-boldy-15234/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат