Биороботтар тұңғыш рет табиғи жолмен «ұрпақ» тарата алатын қабілетін танытты (видео)
Биороботтар тұңғыш рет табиғи жолмен «ұрпақ» тарата алатын қабілетін танытты (видео)
3 жыл бұрын 2122 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Изображение: Douglas Blackiston

АҚШ-тағы Вермонт университетінің ғалымдары өздері жасаған биороботтардың өздігінен өсіп-өніп, көбейе алатын ерекшелігін байқады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған NewScientist мерзімді басылымына және edition.cnn.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша әлемде әрі тарихта тұңғыш рет құрбақа жасушаларынан зертханада жасалған ксеноботтар шағын құрылым түзіп, өздігінен әрекет ете алатын әрі шағын «жүктің» орнын ауыстыра алатын қабілетін танытқан. Мамандар байқағандай, биороботтар топтасып, бес күн бойы шамамен үш мың жасушадан сфера қалыптастыра алған. Қалыптасқан жасушадан жаңа ксенобот пайда болған. Ғалымдар анықтағандай, 12 биоробот топтасу арқылы бір немесе екі жаңа буынды қалыптастыра алған. Аталған зерттеуге жетекшілік еткен Жош Бонгард (Josh Bongard) есімді ғалымның айтуынша, бір ата-ана-ксенобот «ұрпақ» өрбіту процесін іске қосады, содан соң кездейсоқ екінші ата-ана осынау қаптаған жасушаға кқбірек ұяшықтар салады. Шағылыстырудың әрбір келесі айналымы өздігінен көбеюге қабілеті төмен ұрпақтарды қалыптастырады. Әрбірден соң соңғы буын ксеноботы елуге етпейтін жасушадан ғана тұрады – оның жүзу және көбею қабілеті болмайды. Десе де ғалымдар олардың көбею процесін қолдан басқаруға болатынын алға тартып отыр. Бұл тарапта алгоритмді пайдалана отырып, қандай пішіндегі ксеноботтардың көбірек «ұрпақ» тарататынын анықтауға болады.

0 пікір
Мұрағат