Биологтар жаралы екі теңіз жәндігінің бір организмге қалай айналғанын таспаға тартып алды (видео)
|
Бірегей бейімделу процесі жүйке ктенофор деп аталатын жануарлардың жүйесі мен асқазандарының бірігуін қамтиды және мұндай айрықша процесс ешқашан басқа түрлерде байқалмаған. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, Ғалымдардың халықаралық тобы теңізде тіршілік ететін медузаға ұқсас жануардың жағдайға қарай бейімделу және өмір сүрудің таңғажайып қабілетін анықтады. Ктенофордың кем дегенде бір түрі - Mnemiopsis leidyi бірігіп, бір жануарға айнала алады. Жарақаттан кейін олар бұлшықет жиырылуын тез синхрондайды және қоректі бөлісу үшін ас қорыту жолдарын біріктіреді. Биологтер өз жорамалдарын, яғни, гипотезаны растау үшін денелерінің бір бөлігі кесілген екі жануарды жұптастырып, бір-біріне жақын орналастырған екен. Зардап шеккен мұндай жануарлардың оннан тоғызы біртұтас организмге айналып, кем дегенде үш апта тіршілік еткен. Аталған теңіз жануарларының бір организмге айналуына бар-жоғы бір түн жеткілікті болған. Сыртқы тітіркендіргіш факторларға бірірккен организм бірдей реакция танытқан. Яғни, олардың жүйке талшықтары да бір-бірімен толық біріккен. Екі жарым біріккеннен кейін екі сағаттан соң олардың бұлшықеттері 95%-ға дейін синхрондалған, яғни, үйлескен. Бұдан бөлек, ас қорыту жолдары да өскен. Екі ауыздың біреуінен қорек өткеннен кейін ортаө ас қорыту жүйесіне барып түскен. Зерттеушілердің айтуынша, екі организмнің бір-біріне қосылуы жануарлардың аман қалуына қалай көмектесетіні әлі белгісіз. Сонымен қатар, тірі ағзалардың қызметін түсінуге көмектесетін байқалған ең маңызды нәрсе – аталған теңіз жануарында аллотану жоқ, яғни, өз жасушаларын бөтен жасушалардан ажырату қабілеті кездеспейді. Естеріңізге сала кетейік, донорлық ағзаның бөгде антигендерге реакциясы трансплантация кезінде елеулі кедергі тудырады. Бұл бағыттағы зерттеуге атсалысқан Эксетера университетінің ғалымы Кей Жокураның айтуынша, алоректі тану тетіктері иммундық жүйемен, ал жүйке жүйесінің бірігуі регенерацияны зерттеумен тығыз байланысты. Бірігудің негізінде жатқан молекулалық тетіктерді зерттеу өз кезегінде организмге тән күрделі процестердің көп құпиясын ашады.