Биологиялық жасы нақты жасынан асып кеткен адамдардың инсульт алу қатерінің жоғары болатыны анықталды
Биологиялық жасы нақты жасынан асып кеткен адамдардың инсульт алу қатерінің жоғары болатыны анықталды
3 ай бұрын 540 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Каролин институтының ғалымдары биологиялық жасы нақты жасынан асып кеткен адамдарда инсульт пен деменцияның (алжудың), әсіресе, қан тамырлары ауруларының қаупі айтарлықтай жоғары болатынын анықтады. Бұл  жайында islam.kz порталы Journal of Neurology, Neurosurgery and Psychiatry  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеуде ғалымдар Ұлыбритания биобанкіндегі 40 пен 70 жас аралығындағы 325 000 пациенттің деректерін пайдаланды. Биологиялық жас 18 биомаркер арқылы есептелді, соның ішінде қандағы липидтер, қант деңгейі, қан қысымы, өкпе функциясы және BMI (дене салмағының индексі) ескерілді. Адамның биологиялық жасы нақты жасынан бес жас үлкен болса, оларда деменция немесе инсульттің даму қаупі 40% жоғары болатынын анықтады.

0 пікір
Мұрағат