Жүргізушісі жоқ экскаватор биіктігі 6 метрлік дуал тұрғызды (видео)
|
ETH Zurich ғалымдары биіктігі 6 метрге жететін, ұзындығы 65 метрлік дуал тұрғызу үшін автономды HEAP экскаваторын пайдаланды. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дуал цифрлық түрде жоспарланған, «дрон» өздігінен қазған ландшафт пен саябаққа тұрғызылды. Ғалымдар жергілікті материалдарды пайдалана отырып, компьютерлік жобалау мен құрылысқа арналған инновациялық қосымша әзірледі. Датчиктерді пайдалана отырып, экскаватор құрылыс алаңының 3D картасын өзі сызып, дуалды тұрғызу үшін бар құрылыс блоктары мен тастарын өзі таңдады. Арнайы әзірленген құралдар мен машиналық көру әдістері экскаваторға жақын маңдағы үлкен жыныстарды сканерлеуге және қармауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олардың салмағын бағалап (шамалап), ауыр тартатын тұсын анықтай алады. Алгоритм әр тасты қалай орналастыру керектігін өз шешеді, ал экскаватор тасты алгоритм таңдаған орынға қалайды. Автономды машина бір оталғанда 30 тасқа дейін қалай алады. Ғалымдар тасты қиюын келтіріп еш қоспасыз қалау жұмысы қол еңбегін қажет ететінін алға тартып отыр. Мұндай құрылыстың бір артықшылығы - ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жергілікті тас секілді материалдарды пайдаланатықтан алыстан тасып әуре болмайсыз немесе уақыт кетірмейсіз, көлік жалдамайсыз. Жүргізушісі жоқ машиналар мұндай жұмыстарға қолайлы.