Үндістанның халқы ең көп штатында халал белгісіне тыйым салынды
Үндістанның халқы ең көп штатында халал белгісіне тыйым салынды
3 ай бұрын 591 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Суретте - Уттар-Прадеш штатының премьер-министрі

Үндістанның Уттар-Прадеш штатының билігі шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдерге халал белгісін соғуға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Indian Express ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталмыш штаттың азық-түлік және дәрі-дәрмек қауіпсіздігі жөніндегі басқармасы халал белгісі соғылған кез келген тауарды өндіруге, сақтауға және сатуға тыйым салды. Экспортқа шығарылатындарына ғана халал белгісін соғуға рұқсат етіп отыр. Мұндай тыйымды салудың себебі де адам нанғысыз – халал таңба «тағам сапасына қатысты шатасуды тудырған параллел жүйеге» айналды-мыс. Тыйым салынғаннан кейін мемлекеттік қызметкерлер сауда-саттық орталықтарында, азық-түлік дүкендерінде, базарда тексеру (рейд) жүргізді. Жергілікті оңшыл әрі ұлтшылдар тарапынан шағым қарша борап, полицияға қосымша жұмыс тауып берді. Уттар-Прадеш штатының мұсылмандар жамағаты биліктің наным-сенім бостандығын өрескел бұзатын бұл сорақы шешімінен шошып отыр.

0 пікір
Мұрағат