Батарейканы ұсақтамай, балқытпай өңдеудің тәсілі мен қайта кәдеге жаратудың жолы табылды
Батарейканы ұсақтамай, балқытпай өңдеудің тәсілі мен қайта кәдеге жаратудың жолы табылды
4 жыл бұрын 3379 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар қолданылған, дәлірегі қуаты сарқылған батарейканы қайыра пайдаланудың және балқытып немесе ұсақтап жатпай-ақ өңдеудің тәсілін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы aalto.fi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш технология болашақта электрмен жүретін автокөліктермен қатар смартфондарда және өзге де портативті құрығыларда қолданылатын болады. Ғалымдардың пайымдауынша, электрмен жүретін автокөліктердің, смартфондардың және өзге де портативті құрылғылардың көбеюі өз кезегінде аккумулятормен жұмыс істейтін батарейка өндірісін жыл сайын 25%-ға арттырып отырады. Бүгінде қолданылып жүрген батарейканы өңдеу ісінің кемшін тұстары көп. Аалто университетінің ғалымдары құрамында кобальт кездесетін литилік батарейка электродын қайыра пайдалануға болатынын алға тартып отыр. Ол үшін оған лития үстеу керек. Қолданыстағы батарейканы өңдеу әдісінің машақаты көп (ұсақталған батарейкадан металл балқыту арқылы алынады) болғандықтан жаңа тәсіл аса құнды шикізатты үнемдеуге әрі өңдеуге кететін энергия мен уақытта үнемдеуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, экологияға зияны тимейді. Әдетте қолданыстағы батарейканы өңдеу тәсілі кезінде шикізаттың біраз бөлігі кәдеге жарамай қалады, яғни, шығын болады, бұдан бөлек, лития кобальті электрод материалына қайта айналдыру үшін қосымша химиялық жолмен тазарту процесін қажет ететін кобальттың өзге қосындысына айналып кетеді. Ал жаңа әдіс әуресі мен шығыны көп мұндай әуреден құтқарады – өнеркәсіпте  кеңінен қолданылатын электролиз процесінің көмегімен электродқа өңделген лития үстеледі. Осыдан кейін кобальт қосындысын қайыра пайдалануға болады. Бұл тарапта жүргізілген сынақ пен рексеру нәтижесі көрсеткендей, литимен қайта қаныққан электродтың өнімділігі жаңа материалдан жасалған электродтан кем түспеген. Ғалымдар бұл тәсілді өнеркәсіптік деңгейде жаппай қолдануды жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат