Балдыр энергиясымен жұмыс істейтін биологиялық батарея жасалды
Балдыр энергиясымен жұмыс істейтін биологиялық батарея жасалды
3 жыл бұрын 1797 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кембридж университетінің ғалымдары цианобактерия (жасыл-көк балдыр) негізнде биологиялық батарея жасап шығаррды. Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert және New Scientist ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның энергиясымен микропроцессорды жыл бойы үзіліссіз қуаттауға болады. Бұл үшін аквариум-аккумуляторға жарық пен су ғана қажет. Фотоэлектрлі элемент корпусы батарейка көлеміндей болады. Оны алюминия мен мөлдір пластиктен жасады, ішінде цианобактерия орналастырылады. Балдыр фотосинтез процесі кезінде күн энергиясын сіңіреді, оның көмегімен электр өндіріледі. Ток алюминилік электродпен өзара әрекеттесіп, микропроцессорды энергиямен қамтамасыз етеді. Цианобактерия энергияны, тіпті, тәуліктің қараңғы мезгілінд де өндіре береді. Соған қарағанда, балдыр түнде де қорегін қорытады. Болашақта аквариум-аккумулятор шағын гадеттерді, атап айтқанда, фитнес-трекерді, смартфонды, шамшырақты, т.б. энергиямен қаматамасыз ететін болады.

Synechocystis балдыры кеңінен тараған, ол улы емес, күн энергиясын фотосинтез процесі кезінде сіңіреді.

0 пікір
Мұрағат