Бактерияларға ішектің жай-күйін «жазуға» үйретті: болашақтағы инвазивті медицина
Бактерияларға ішектің жай-күйін «жазуға» үйретті: болашақтағы инвазивті медицина
3 жыл бұрын 1991 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл жаңалық Берннің университеттік емханасы мен Берн жоғарғы оқу орнының және ETH Zurich ғалымдарына тиесілі. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл микроорганизмдер ауруларды диагностикалаудың инвазивті емес құралына айналады және диетаның адам денсаулығына әсерін бағалауға көмектеседі. Ішекте ас қорытуда маңызды рөл ойнайтын сансыз бактерия кездеседі. Алайда, организмде микроорганизмдердің бұдан бөлек не істейді, қандай ферменттер істеп шығарады, бактериялардың қандай түрлері организмге пайдалы қоректі сіңіруге септеседі, т.б. осындай қисапсыз сауалдарға жауап іздеген екен ғалымдар. Ғалымдар бактерияларды гендердің белседілігі туралы ақпараттарды алып, мәліметтерді тіркейтіндей етіп түрлендіріп көрген еді. Бұл тарапта тышқандарға арнайы тәжірибе де жүргізіп көрген болатын. Осылайша сенсорлық бактерияларды медицина саласында пайдалануға қатысты маңызды қадам жасалды: олар дұрыс тамақтанбауды диагностикалау және белгілі бір адамға қандай диеталар жақсы екенін түсіну үшін пайдаланылады. Мәліметтерді тіркеу функциясын ETH Zurich университетіндегі биологиялық инженерия профессоры Рендалл Плат бастаған ғалымдар тобы әзірлеген болатын. Бұл үшін бактериялардың көбісінде кездесетін иммундық жүйенің бір түрі болып ттабылатын CRISPR-Cas тетігін пайдаланды. Егер бактерия вирус шабуылына ұшыраса, бактериялар вирустың ДНҚ немесе РНҚ жұрнақтарын өз геномына қосып алады (бұл ерекшелік массивті  CRISPR деп аталады) – бұл өзіне шабуыл жасған немесе контакті жасаған вирусты есте сақтауына көмектеседі, осылайша «таныс» вируспен қайта бетпе-бет келгенде оларға лаайықты тойтарыс бере алады. Ғалымдар бұл тарапта адам үшін қауіпсіз саналатын ішек таяқшасы бактериясының штаммына Fusicatenibacter saccharivorans бактериялық түрінің CRISPR үлгісін енгізді. Нәтижесінде мұндай бактериялар ғалымдарға берілген мРНҚ молекуласының ішекте қаншалықты жиі өндірілетінін, демек, қандай гендер белсенді екенін инвазивті емес анықтауға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат