Бактерияға қарсы ток өкізетін гидрогелді, персоналды таңғыш
Бактерияға қарсы ток өкізетін гидрогелді, персоналды таңғыш
3 жыл бұрын 1652 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ток өткізетін, бактерияға қарсы ePatch гидрогелінің жарақатты жазу тиімділігі жоғары. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Терасаки биомедициналық инновациялар институтының ғалымдары персоналды емдейтін, электрлі таңғыш (ePatch) ойлап тапты. Оны ерекшелігі сонда – электр полясымен стимуляциялауға арналған құрылғылармен байланысты проблемаларды толық шеше алады. Қолданыстағы жараларды күту нұсқалары таңғыштарды, жарақаттың өсу факторын және қабынуға қарсы дәрі-дәрмекті, тазартуды және ультрадыбыстық емдеуді қамтиды. Тіпті, қолайлы жағдайдың өзінде жарақатты толық жазудың орташа есеппен алғандағы мерзімі мұндай емдеу шараларынде 12 аптаға созылады. Бұдан бөлек, электр полясымен стимуляциялау арқылы емдеудің баламалы нұсқасы барын да айта кету керек. Аталмыш әдіс жарақатты жазу үшін тері жіне өзге де грануляциялық жасушалардың көшу (жылжу, миграция) белсенділігі мен қарқынын арттырып, осылайша қан тамырларының қалыптасуына жағдай жасайды. Бір ғана кемшілігі – өзіңмен алып жүретін, яғни, киіп жүретін электр полясын стимуляциялауға арналған құрылғы шағын емес әрі икемділігі аз электродтармен жабдықталған. Бұл кемшілік өз кезегінде жарақатты жазуда қолайсыздық тудыратындықтан қабыну процесін тудыруы мүмкін әрі жарақаттың жазылу мерзімін ұзартады. Бұған қоса мұндай электродтарды әзірлеудің өзі арнайы технологияны қажет етпек. Міне, осындай қолайсыздықты ескерген ғалымдар электр полясының стимуляциясымен қамтамасыз ететін таңғыш ойлап табу арқылы бұл проблеманы еңсере алған. Бұл тарапта ғалымдар электрод ретінде күміс наноөткізгіштерді пайдаланды, олар бактерияға қарсы қасиеттерге ие ғана емес, сонымен қатар, қосқан кезде, яғни, жүктеу кезінде жоғары өткізгіштігімен айрықшаланады. Оны ылғалдылықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ететін әрі биологиялық тұрғыдан жатырқамайтын гел тәрізді затқа – альгинатқа кіріктірді. Қазіргі уақытта сіңіріп алушы хирургиялық таңғыштарда пайдаланылады. Ғалымдар бұл бағытта алгинатқа калциді қоса отырып модфифкациялау арқылы электродтың тұрақтылығы мен функциялық қасиетін арттыратын материал алуға қол жеткізген. Яғни, күміс наноөткізгіштер мен модификацияланған альгинаттың арақатынасын өзгерту арқылы ғалымдар икемділігі жоғары және басып шығаруға болатын гель немесе биоинк алуға қол жеткізген. Ол ол ма, қоспаға қосылған кальций жасушалардың пролиферациясын (жасушалардың бөліну қасиеті арқылы организм тіндерін өсіру процесі) тудырды және жасушалардың жарақат аймағына көшуін тудырды, бұл өз кезегінде қан тамырларының пайда болуына ықпал етті.

Image 1

0 пікір
Мұрағат