Бактериофаг аса қауіпті супербактерияны жоя алатын болып шықты
Бактериофаг аса қауіпті супербактерияны жоя алатын болып шықты
4 жыл бұрын 4442 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Оқырманға түсінікті болу үшін бактериофагтың не екенін қысқаша айта кетпекпіз: бактериофаг – 50-60 пайызы ақуыздан, 40-50 пайызы ДНҚ-дан тұратын, бактерияларды жоя алатын вирустар. Дәлірегі, бактериялар жасушасын зақымдайтын және олардың еруін тудыратын вирустар. Ғалымдар бактериофагтардың бірі әрбір бесінші инфекциялық жағдайға себеп болатын микроорганизмді жоя алатын болып шықты.Бұл жайында islam.kZ порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Nature Microbiology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл жолғы зерттеуінде патогенді микроорганизмдермен күресудің жаңа стратегиясын ұсынып отыр. Тура мағынасында. Ғалымдар адамға зияны жоқ вирустарды (бактериофагты) патонгенге бағыттаған еді – бұл тәсіл арқылы Acinetobacter baumannii деп аталатын супербактериямен тиімді күресуге болатынына көз жеткізген. Инфекциялық аурулардың шамамен 20%-ы аталған супербактерияның кесірінен орын алады. Яғни, кеңінен тараған инфекциялық ауру ретінде танылған. Аталмыш супербактерия вирустарға бірте-бірте төзімділік қалыптастырып, оған бой бермейтиін болған – қызығы, антибиотик алдында дәрменсіздік танытқан. Бұл супербактерия екі агентке қарсы бірдей қауқар таныта алмайды. Екеуінің біреуін (антибиотикті немесе  бактериофагты) таңдауына тура келеді. Нәтижесінде Acinetobacter baumannii кем дегенде түрлі жеті антибиотиктің алдында дәрменсіздік танытқан. Десе де бұл технологияны іс жүзінде қолданбас бұрын әлі де көптеген зерттеулер мен тәжірибелер жүргізілетін болады.

0 пікір
Мұрағат