Ауысыммен жұмыс істейтін әйелдердің бала көтеру қабілеті төмендейді – зерттеу
Ауысыммен жұмыс істейтін әйелдердің бала көтеру қабілеті төмендейді – зерттеу
2 жыл бұрын 1314 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бір жыл тұрмақ, бір ай ауысыммен жұмыс істеген әйелдердің бала көтеру қабілетінің төмендейтіні анықталды. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген француз ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Medical Xpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы тәжірибе барысында кеміргіштерге ауысыммен жұмыс істеу кестесін немесе режимін қолданып көрген екен, нәтижесінде сирек балалаған. Тышқандардың тәуліктік ырғағының (биоритм, циркадты жүйе) ұдайы ауысуынан гипофизде лютеинизация гормонының аз бөлінетіні белгілі болды. Аталмыш гормон әдетте овуляцияны (анықтамасы төменде келтірілген – ред.)бастауға көмектеседі. Оның концентрациясының (шоғырлану деңгейінің) төмендеуінен ұрықтануда маңызды рөл ойнайтын құнарлылық кеміген.

Уикипедия электронды энциклопедиядан:

Овуляция (ovulatio, лат. ovum — жұмыртқа) — фолликулды жандандырушы (ФЖГ) және лютеиндеуші (ЛГ) жыныс гормондарының әсерінен жұмыртқалықтағы көпіршікті фолликулдың жарылып, пісіп жетілген жұмыртқа жасушасының (овоциттің) жатыр түтігіне өту процесі. Овуляция адамда айлық циклдің ортасында, сиырда — күйіттен кейінгі 15 сағат ішінде, биеде — күйіттен 24-36 сағат бұрын жүреді. Көптеген жануарларда (мысық, қоян т.б.) ұрықтану процесіне байланысты овуляциякез келген уақытта жүре беруі ықтимал.[1]

0 пікір
Мұрағат