Ауру - астан: Күріш қандағы қант деңгейін арттырады
|
Күріштің оннан аса түрі бар. Олардың дәмі жағынан да, пішіні жағынан да, құнарлылығы жағынан, тіпті, құрылымы мен құрамы жағынан бір-бірінен айырмашылығы болады. Қоңыр түсті болып келетін жабайы түрі адам денсаулығына пайдалы, өйткені күріштің бұл түрінің құрамында қоректік заттар көбірек ұшырасады. Ал өзіміз күнде тұтынатын ақ күріштің қан құрамындағы қан деңгейін арттыратын қатері бар. Күрішті күнделікті тұтынудың артықшылығы да, зиянды жағы да бар. Шығыс халықтарының ас мәзірінен түспейтін дәстүрлі тағамға айналған күрішті, мәселен, қарақұмықтан айырмашылығы сонда, салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарға ұсынуға болмайды.
Қысқа дәнді қоңыр күріш
SFGATE ақпарат ресурсында күріштің үш негізгі түрі турасында қызықты мәліметтер келтірілген. Қоңыр түсті күріш кебегінің және дән өскінінің сақталатыындығымен ерекшеленеді. Ал ақ күріш өңдеу кезінде бұл элементтерден айырылып қалады.
Ұзын дәнді ақ күріш
Ақ күріш ұзын дәнді және қысқа дәнді болып келеді. Қысқа дәндісінде крахмал өте көп, одан тамақ дайындау кезінде жұмсақ әрі жабысқақ болып кетеді. Ал ұзын дәндісінде крахмал мөлшері аз. Одан тамақ дайындау кезінде құрғақтығын сақтап қалады және жабыспайды. Ақ күрішті магнидің, фосфордың, марганцтың, селеннің, темірдің, фолилік және никотиндік қышқылдың қайнар көзі десе де болады. Ал оның май құрамында ауру тудыру қатері көп Омега-6 май қышқылы көбірек болып келеді.
Ұзын дәнді қоңыр күріш
Қоңыр түсті күріш те қысқа және ұзын дәнді болып келеді. Оны ақ күрішке қарағанда екі есе көбірек дайындауға тура келеді, өйткені, онда крахмал аз болады. Қоңыр түсті күріште көміртегін глюкозаға айналу деңгейі төмен болады, сол себепті, қан құрамындағы қанттың деңгейін тұрақтандырады. Онда минералдар көп. Әсіресе, магни.
Жабайы күріш
Қоңыр түстісіне қарағанда жабайы күріштің де құнарлылығы жоғары. Оның құрамында ақуыз бен А дәрумені, сондай-ақ, фолилік қышқыл мол. Онда кархмал аз, сол себепі, оның гликемикалық индексі төмен. Онда Омега-3 май қышқылы көп. Алайда, жабайы күріште минералдар аз.
Айта кетейік, біз бұл арада күріштің барлық түріне тоқталғанымыз жоқ. Тек белгілі түрлерін ғана сөз еттік. Қалай десек те, күріштің қандай түрі болса да оны ұдайы тұтынуға болмайды, қанша дегенмен түбі бір күріш болғаннан кейін денсаулыққа өз зиянын тигізбей қоймайды.
Энергетикалық құндылығы:
жалпы — 111 килокалория (6%);
көміртегінен — 94,7 килокалория;
майдан — 7,5 килокалория;
ақуыздан — 8,8 килокалория;
Көміртегі:
жалпы алғанда — 23,0 грамм (8%);
торшасынан — 1,8 грамм (7%);
қантынан — 0,4 грамм;
Май және май қышқылы:
барлық майы — 0,9 грамм (1%);
қаныққан май — 0,2 грамм (1%);
аз қаныққан майы — 0,3 грамм;
толық қаныққан майы — 0,3 грамм;
Омега-3 май қышқылы — 14,0 миллиграмм;
Омега-6 май қышқылы — 309 миллиграмм;
Ақуыз бен аминқышқылы:
ақуыз — 2,6 грамм (5%);
Дәрумендер:
K дәрумені— 0,6 микрограмм (1%);
тиамин — 0,1 миллиграмм (6%);
никотин қышқылы — 1,5 миллиграмм (8%);
B6 дәрумені — 0,1 миллиграмм (7%);
фолат — 4,0 микрограмм (1%);
пантотендық қышқыл — 0,3 миллиграмм (3%);
холин (B4 дәрумені) — 9,2 миллиграмм;
бетаин — 0,5 миллиграмм;
Минералдар:
кальций — 10,0 миллиграмм (1%);
темір — 0,4 миллиграмм (2%);
магний — 43,0 миллиграмм (11%);
фосфор — 83,0 миллиграмм (8%);
калий — 43,0 миллиграмм (1%);
натрий — 5,0 миллиграмм;
цинк — 0,6 миллиграмма (4%);
мыс — 0,1 миллиграмма (5%);
марганец — 0,9 миллиграмм (45%);
селен — 9,8 микрограмм (14%);
Стерин:
холестерин — 0 миллиграмм (0%);
Өзгесі:
алкоголь — 0,0 грамм;
су — 73,1 грамм;
күл — 0,5 грамм;
кофеин — 0 миллиграмм.
Қоңыр басмати күріш
Жабайы және қызыл гималай күріші