Атмосферадан көмірқышқыл газын жоюдың оңай жолы табылды. Ол үшін тек пластик қалдықтары керек
Атмосферадан көмірқышқыл газын жоюдың оңай жолы табылды. Ол үшін тек пластик қалдықтары керек
3 жыл бұрын 2195 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар пластмасса қалдықтарын калий ацетатымен қыздырғанда нанометрлік кеуектері бар бөлшектер түзілетінін айтты: олар көмірқышқыл газының молекулаларын ұстай алады.  Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бқл бөлшектерді, сонымен қатар, түтін ағынынан  CO2-ні (көмрқышқыл газын) ою үшін пайдалануға болады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Джеймс Тур есімді химиктің айтуынша, бұл технология екі қоянды бір ооқпен аып алуға мүмкіндік береді: біріншісі, қоршаған ортаға қатерлі әрі биологиялық әр алуандылықтың жойылуына ықпал ететін пластик қалдықтарын кәдеге жарату; екіншісі – атмосфераны ластап отырған көмірқышқыл газынан құтылуға көмектеседі. Осылай деген ғалым пластик пиролизі кезінде, яғни, пластикті химиялық өңдеуден өткізгенде май, газ және балауыз бөлінетінін, алайда, көміртектің жанама өнімдеріің түкке жарамайтынын тілге тиек етті. Десе де пластмасса калий ацетатымен пиролизденген (химмиялық жолмен өңделген) кезде өз салмағының 18%-на дейін СО2 ұстай алатын кеуекті бөлшектер пайда болады. Зертханадағы есеп бойынша көміртек дииоксидін аулау құны тоннасына 21 долларды құрайды. Бұл көміртекті жоюдың басқа да баламалы нұсқаларына қарағанда арзанға түсетінін көрсетеді. Мәселен, көміртекті жоюың өзге амалдары қолданылса, бұл процесс тоннасына 80-160 долларға дейін жетуі мүмкін. Мұндай материал алу үшін пластик қалдықтарын ұнтаққа айналдырады, артынан калия ацетатымен араластырады әрі 45 минут бойы 600 °C-та қыздырады. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, бұл процестің нәтижесінде, сонымен бірге, жуу құралына немесе жақпа материалына айналдыруға болатын балауыздың жанама өнімдері қалыптасады. Амин негізіндегі материалдар сияқты сорбентті (сіңірушіні) қайта пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат