Ашыққан саңырауқұлақтар жыныстық жолмен көбею қабілетін жоғалтады
|
Батса және Сан-Паулу жоғарғы оқу орындарының ғалымдары саңырауқұлақтардың жыныстық жолмен көбеюін тежейтін бірегей рецепторды тапты. Осы рецепторға әсер ету арқылы патогенді организмдердің адам денесінде де, ауыл шаруашылық алқаптарында да таралуын шектеуге болады. Бұл арада G-ақуызымен байланысты рецептор турасында сөз болып отыр. Ғалымдардың тұжырымынша, рецептор саңырауқұлақ эволюциясын баяулату нысанасына айнала алады. Осылайша саңырауқұлақтың әсіре белсенділігін, «жұғу» қатерін азайтып, саңырауқұлақтың дәрі-дәрмекке деген төзімділігін кемітуге әбден болады. Мамандар саңырауқұлақтың Aspergillus nidulans түрін зерделеген болатын. Біз сөз етіп отырған саңырауқұлаққа жататын жоғары аэробты әрі өңезді саңырауқұлақ қараңғыда әрі «тоқ» болған кезде жыныстық жолмен көбейеді. Жыныстық шағылысу ата-аналардың ДНК-сін «араластырып», генетикалық тұрғыдан әр алуан ұрпақ өрбітеді. Бұл өз кезегінде - геннің түрлі болуы саңырауқұлақтардың түрлі қоршаған ортаға бейімделу қабілетін арттырады. Осыған орай олардың таралу аумағы кеңиді. Сондай-ақ, дәрі-дәрмекке төзімділігі шыңдалады. Ғалымдар анықтағандай, рецепторды белсендіру саңырауқұлақтардың ашығу сезімін арттырып, нәтижесінде олардың жыныстық жолмен көбеюіне кедергі келтіреді.Аталмыш ғылыми мақала PLOS Genetics мерзімді басылымында жарияланды. Ғалымдар бұрын көз жеткізгендей, адам өліміне дейін апаратын қауіпті саңырауқұлақтар дәрі-дәрмектен жыныстық жолмен көбею арқылы қорғанады.