Аралар паразиттен қалай қорғанады?
Аралар паразиттен қалай қорғанады?
3 жыл бұрын 1372 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың бал арасына қатысты жүргізілген таяудағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, өсімдік тозаңдандырушы жәндіктер бір-біріне індет жұқтырмасы үшін, яғни, бір-бірін қатерге байламас үшін әлеуметтік арақашықтық сақтайтын болып шықты әрі кәрі аралар мен жас араларды ажырата алатыны белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне және аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, аралар жоғарыда сөз болған қауіп төнгенде жұқпалы індеттің таралуына жол бермеуге тырысады. АҚШ-тағы Калифорния мен Италиядағы Сассари жоғарғы оқу орындарының ғалымдарынан жасақталған халықаралық топ осылай деп мәлімдеді. Дәлірегі, кенеден келетін ықтимал қауіптің бетін қайтару үшін жас және кәрі аралар арасындағы әлеуметтік арақашықтықты арттыратын болып шықты. Өйткені, кәрі аралардың паразитті жұқтыру қатері көп. Сондай-ақ, ұяларының арасында қатынауды да өзгертеді. Аралар – әлеуметтік жәндік, олар еңбекті бөлісу мен өзара әрекеттесуден пайда көреді. Жұқпалы індет қатері төнгенде қауіп пен пайда арасында тепе-теңдікті сақтауға тырысады. Ғалымдар бұл феноменге кене жайлаған ұя мен паразиттен ада ұядағы аралардың әрекетін қадағалай келе көз жеткізіп отыр. Дәлірегі, инфекциялық қатерге жауап ретінде кәрі аралар ұяның шетіне, ал асыраушы жас аралар ортасына қарай ауысқан – осылайша арақашықтықты сақтаған. Паразит жайлаған ұядағы аралардың жас және кәрі аралар тобына бөлініп, әлеуметтік арақашықтықта арттыруының өзі аталған жәндіктердің патогендермен күрестегі жетістіктері ретінде бағаланып отыр.

0 пікір
Мұрағат